Экономика • 27 Қыркүйек, 2025
Ядролық энергетика экономикаға күш үстейді
Еліміз уран қоры жөнінен әлемде көш бастап тұр. Бүгінде дүниежүзілік қордың 14%-ы біздің жерде орналасқан. Елде ядролық отын өндіруге арналған инфрақұрылым да қалыптасқан. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы әлемдік өндірістің 40%-ын беріп отыр. Саладағы елеулі жетістіктің бірі – «Үлбі-ТВС» зауытының 200 тонна жобалық қуатқа жетуі. Бұл көлем 6 ядролық реакторды толық қайта жүктеуге жетеді. Осы арқылы атом энергетикасын дамытуға қажетті алғышарт жасалды.
Өндіріс • 27 Қыркүйек, 2025
Машина жасау саласы: шикізат мәселесі шешімін таба ма?
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – машина жасаушы күні. Үкіметтің ресми дерегінше, биыл 6 айда машина жасау 11,1% өсім көрсетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 19%-ға жетті. Автомобиль жасау жалпы көлемнің 41%-ын құрап отыр. Қазір елде «JAC», «Chevrolet», «KIA», «Lada», «Jetour», «Hongqi», «Skoda», «Hyundai» және «Genesis» маркалары шығарылады. Биыл Алматыда мультибренд зауыты, Қостанайда «KIA» зауыты іске қосылмақ. «Changan», «Haval», «Chery» көліктері құрастырылып, өндіріс көлемі ұлғая түспек. Жыл соңына дейін 147 824 көлік шығару көзделген.
Тұлға • 27 Қыркүйек, 2025
Қазақта өзі басқа халықты тани білген, ал өзі қазақты басқаларға таныта білген тұлға өте аз. Әрине, өз тамырынан үзілмей, әлемдік өркениетті түсіну үйлесімінің тепе-теңдігіне ең алдымен Абай хакім жеткен. Ол әр қазақ үшін парасат планкасы болып қала беретінінің сыры осында жатыр. Қазақтың талантты суретшісі Ерболат Төлепбай – осы гармонияға құлаш ұрған бір қазақ.
Еңбек • 27 Қыркүйек, 2025
2014 жылдан бері жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Атаулы дата еңбектің қадірін, жұмысшы адамға деген құрметті, кез келген мамандықтың мән-маңызын дәріптейді. Басты идеясы – адал еңбекті насихаттау, қалтқысыз қызметімен, жауапты жұмысымен ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына негіз қалаған, лепті үлес қосып жүрген еңбек адамына құрмет көрсету, өскелең ұрпаққа маңдай термен тапқан табыстың қадірін ұғындыру.
Тұлға • 27 Қыркүйек, 2025
Ойлап отырсам, мен Шерағаның аты-жөнінен бұрын өзімен танысқан екенмін. ҚазМу-дың журналистика факультетіне құжат тапсырып, одан әрі алдағы болатын емтихандарға дайындалып жүрген кезіміз еді. Бұған дейін аудандық, облыстық газеттерде шағын әңгімелерім жарық көріп, дәндеп қалған маған әр нөмірін асыға күтетін «Лениншіл жас» газетінің Алматыда екені есіме түсе кетті. Сол газеттің редакциясына барсам деймін. «Оу, барғанда, неге келдің десе қайтесің?» дейді ішкі бір ой өрекпіген көңілімді басып. «Рас-ау, бейсаубет жүрген адам кімге керек?» «Жоқ, бәрібір барамын. Е, таптым», дәп сол сәтте өткенде ғана жазып бітірген әңгімем есіме түсті. Соны апарсам, ешкім мені текке жүрген адам деп ойламайды.