Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2025
Іле ауданы, Күрті ауылдық округіндегі «Дәулет-Бекет» ЖШС Гиннестің рекордын жаңарту мақсатында «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» іс-шарасын өткізді.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2025
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушылар тасымалдай бастады.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Әбиба – әлемдік рейтингте көш басында
IJF-тің жаңартылған рейтингінде еліміздің ең белді дзюдошыларының бірі Әбиба Әбужақынова 48 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастады. Осыған дейін алдына жан салмай келген италиялық Ассунта Скутто үшінші сатыға сырғып түссе, ресейлік Сәбина Гилязова екінші орынға көтерілді.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2025
Бүгінде қоғамға қызмет – ел мүддесіне жұмылған жауапкершіліктің өлшеміне, шынайы қайраткерлік – халықтың береке-бірлігі мен дамуын ойлаған іскер де білікті азаматтың кәсіби сапасына айналды. Әдетте, жұртшылық атқарушы билік пен қоғамның арасына білім, мәдениет, ақпарат, заң, саясаттану, т.б. гуманитарлық сала азаматтары дәнекер болса екен дейді.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты (КІАҒЗИ) базасында республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов, сала мамандары қатысты.