Ғалам ғажаптары • 24 Қыркүйек, 2025
Жер бетінде толық тыныштық орнаған орын барын білесіз бе? Ол – АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы Орфилд зертханасында орналасқан анэхоикалық камера. Бұл бөлме әлемдегі ең тыныш орын ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2025
Грузияның Батуми қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» турнирі аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы 12 жүлдемен қорытындылады. Жекелеген сайыста Жәния Бекмұхамбетова пен Нұрдәулет Азаматұлы (13 жасқа дейін), жұптық жарыста Асылхан Мағзұмбеков пен Мария Лукьянова (15 жасқа дейін), аралас жұптар арасында Алан Құрманғалиев пен польшалық Каролина Хольда (19 жасқа дейін) теңдессіз деп танылса, Алексей Маркин (15 жасқа дейін) күміспен күптелді. Дарья Фу (17 жасқа дейін), Абдулла Мамай/Ноила Ханиязова (19 жасқа дейін), Мария Лукьянова, Асылбек Мағзұмбеков, Айназ Әділгереева (15 жасқа дейін), Назерке Болатбек (11 жасқа дейін), Алексей Маркин үндістандық Анколика Чакрабортимен (15 жасқа дейін) бірге қолаға қол жеткізді.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Орал қаласында батысқазақстандық іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен «Анаға тағзым» атты еңселі ескерткіш ашылды.
Тарих • 24 Қыркүйек, 2025
Әйгілі әншінің Торғайға сапары
Бала күнімізде шалғай ауылдарға дейін республика көлеміне танымал әншілер келіп, өнер көрсететін. Біз ұсынып отырған сурет – соның бір дәлелі. Бұл фотоны маған туысқан ағам жіберді. Оның тарихы да қызық.
Өнер • 23 Қыркүйек, 2025
Адам жанының көркем өнімі саналатын өнер атты құбылысқа заман ойшылдары әртүрлі анықтама берген. Аристотель үшін өнер – еліктеу болса, Толстойша, адам өмірінің қажетті шарты. Ал Қорқыт бабамыз ажалды өнер арқылы жеңуге талпынған. Не де болса өнердің өмірімізде алатын орны ерекше. Ол бұрын да солай болған, қазір де сол қалпынан ажыраған жоқ. «Қазір» дегеніңіз бір қолын өткенге, бір қолын келешекке сүйейтіндіктен, өнердің арғы замандағы маңызы мен келешектегі келбеті хақында танымдық барлау жасау мәдениетті қоғамның мәйекті тақырыбы деп санаймыз.