Руханият • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақ пен қырғыз халқының мәдени, рухани, әдеби байланысының тамыры тереңде жатыр. Біз осы асыл арқауымызды жаңа заманмен байланыста салмақтай білуіміз қажет. Былтыр сәуірде Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров бастаған делегация Астанада болып, қырғыз-қазақ зиялылар форумына қатысып, Манастың ескерткішін ашып, тарихи және бүгінгі ынтымақтастығымызды жүйелі саралаған едік. Биыл тамыз айында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке келіп, М.Әуезов пен Ш.Айтматов сынды даналардың ескерткішін ашу салтанатына қатысып, бауырластықты биік деңгейге көтерді. Бұйырса, осы күндері Манас елінде қазақ-қырғыз зиялыларының форумы өтпек. Біз бұған бек қуаныштымыз. «Манас» эпосында: «Ақ бөкеннің қылындай суырылысқан, ақ бидайдың ұнындай жұғысқан егіз ел» деп, қырғыз бен қазақты сипаттайды. Бүгін біз соның бір тарауы Орталық Азияға танымал Мөңке би жөнінде ой қозғамақпыз.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Технократ ұрпақты математика пәні қалыптастырады
Елімізде «Цифрлы Қазақстан», «Индустрия 4.0», «Жасанды интеллект», «Ғарыштық деректермен жұмыс» деп аталған ауқымды жобалар жарияланды. Бірақ қарапайым сұраққа жауап беріп көрейікші: болашақтың қақпасын ашатын балалардың қолына берген оқулығымыз бен бағдарламамыз осы биік мақсатқа жеткізе ала ма?
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Білім ошағына роботтар жеткізілді
Өңір бойынша 48 мектептің STEM-зертханасына адам бейнесіндегі гуманоид роботтар әкелінді. Заманауи құрылғы оқушылардың роботтехника мен жасанды интеллект саласындағы білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
Жалпыхалықтық сенбіліктер Көкше өңірінде де кеңінен ұйымдастырылды. Табиғаты тамылжыған өлке ақадал адамдардың алғаусыз ниетімен тағы бір жасарып, хас сұлудай сыланып, жайнап, өзгеше түрге енді.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Барлық мектепке ортақ бағдарлама
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.