Елорда • 23 Қыркүйек, 2025
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы құқығын қорғайтын заңдар қабылданып, әлеуметтік көмектің жаңа түрлері енгізіліп жатыр. Жалпы, еңбегі адал азаматтарға қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Соның бір айғағындай Астана қаласының Сарайшық ауданында жұмысшы мамандық иелерінің құрметіне аллея ашылды.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Биылғы егін орағында алыстағы шаруашылықтарға жанар-жағармайдың кідіріссіз жеткізілуі, қыркүйек айының жауын-шашынсыз болуы астықты рәсуасыз жинап алуға мүмкіндік беріп отыр.
Алматы • 23 Қыркүйек, 2025
Алматыда қала күнін мерекелеу аясында дәстүрлі «KitapFest» фестивалі өтті. Оқырман олжасына айналған жобада биыл 60 баспадан шыққан 10 мыңнан астам кітап ұсынылған болса, оның 2 мыңға жуығы – тұңғыш рет жарық көрген тың туындылар.
Тағзым • 23 Қыркүйек, 2025
Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері марқұм Жақсылық Рахматулланың туғанына 80 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Ұзақ жыл баспасөз саласында қызмет еткен қаламгердің «Алыстай берген аяулым», «Өмір самалы», «Болашаққа сенім», «Ғұмырдария», «Жібек жолындағы жұлдыздар», «Сағым жылдар», «Кие», «Хикаяттар», «Дала толғауы» «Меңсұлу», «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» шығармалары – оқырманнан өз бағасын алған туындылар.
Саясат • 23 Қыркүйек, 2025
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының Экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен онлайн кездесу өткізді.