Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Биыл күзде Павлодар облысынан әскер қатарына 600-ден аса азаматты шақыру көзделген. Қабылдау комиссиясы қазіргі күні іріктеу жұмысын бастап кетті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Сарбаз шеберлігі жаттығуда шыңдалады
Айбынды армия – тәуелсіз елдің айбары. Сол себепті Отан қорғаушы әр азаматтың кәсіби шеберлігінің жоғары болғаны маңызды. Әр салада еңбектеніп жүрген отан қорғаушыларды қайта даярлықтан өткізу үшін елімізде кең көлемде әскери міндеттілердің жиындары өтіп келеді. «Спасск» оқу жаттығу полигонында 1 500-ге жуық әскери міндетті азамат жауынгерлік шеберлігін қайта пысықтады.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2025
Елдікті нығайту – жұрт болып атқаратын іс. Бұған әркім өзінше атсалысады. Соның ішінде ұлттық қауіпсіздік қызметі мамандарының үлесі де елеулі. Мемлекет басшысы «Ұлттық қауіпсіздік жүйесі – мемлекеттігіміздің басты тұғыры. Отан үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде» деп айрықша атап өткені белгілі. Осы салада отаншылдығымен танылған жанның бірі – ҰҚК құрметті қызметкері, генерал-майор, Астана қалалық мәслихатының депутаты Кендебай Сарыбайұлы Адамбек.
Өндіріс • 20 Қыркүйек, 2025
Өнеркәсіппен өрілген даңқ жолы
Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) құрылғанына биыл 80 жыл болды. Бүгінде тарихы бір ғасырға жуықтаған кәсіпорын ұжымы атқарылған игі істердің бәрін еске түсіріп жатыр: ел игілігі үшін миллиондаған тонна өнім шығарылды, жаңғыртудың арқасында өндіріс көлемі ұлғайып, мұнай өнімдерінің сапасы жақсарды, ең бастысы – Отанымыз үшін аянбай еңбек еткен мыңдаған кәсіби маманның мұнай өңдеуге қосқан үлесі айтарлықтай.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2025
Кеше Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Игорь Роговтің төрағалығымен өткен іс-шарада азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар өзекті мәселе қаралды.