Медицина • 20 Қыркүйек, 2025
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртатын бастама
Сапалы медицина – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Елімізде денсаулық сақтау саласы кейінгі жылдары елеулі өзгерісті бастан өткеріп, ұлттық деңгейдегі басым бағыт ретінде айқындалды. Әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударылып келеді. Ауылдағы медицина инфрақұрылымын жаңғырту денсаулық сақтау саласын ғана емес, тұтас өңірлік даму сапасын арттырудың басты тетігіне айналып отыр.
Білім • 19 Қыркүйек, 2025
Келешек мектебі: Қазақстандағы орта білім сапасын арттырудың жаңа парадигмасы
Қазіргі заманның талабы – балаларға сапалы білім беру. Өйткені мықты мектеп – мықты елдің негізі. Осыны ескерген мемлекет соңғы жылдары білім саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның ең үлкен қадамы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл жоба жаңа мектептер салумен қатар, оқыту әдісін жаңартып, балаларға заманауи әрі қауіпсіз орта құруды мақсат етеді.
Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025
Авторлық құқық жүйесі талқыланды
Қазір ақпарат айдынындағы мәтін, фотосурет, бейнематериалдар көз ілеспес жылдамдықпен жаһанға жайылады. Бұл жағдай журналистер мен редакциялардың алдына авторлық құқықты сақтау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан заңгер, PhD Рамазан Көкжал «Қазақ газеттері» серіктестігің шаңырағына келіп «Журналистикадағы авторлық құқық» тақырыбында БАҚ өкілдеріне дәріс оқыды.
Дін • 19 Қыркүйек, 2025
Шейх Әл-иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті
Астанада VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз жұмысын аяқтады. Екі күнге созылған бұл маңызды халықаралық жиында әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни қайраткерлер, саясаткерлер мен сарапшылар бейбітшілік, толеранттылық, өзара құрмет және қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылады. Форумға қатысқан беделді тұлғалардың бірі - Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса. Ол съезд аясында қазіргі әлемдегі дін лидерлерінің жауапкершілігі мен бейбітшілікті ілгерілетудегі рөлі туралы өз пікірін білдірді.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2025
Сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі
Жиырма жылдан аса уақыттан бері Астана қаласында рухани көшбасшылардың басын бір мүддеге тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдырып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIII съезі өз жұмысын қорытындылады. Съездің жабылу салтанатына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.