Дін • 20 Қыркүйек, 2025
Адамзатты ізгілікке үндейтін жиын
Астанада кезекті VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз жұмысын сәтті аяқтады. Әлемдік өркениеттер тоғысатын бұл шаһар дәстүрлі түрде рухани үн қосатын алаңға айналды. Жыл өткен сайын жиын жаңа мазмұнмен толығып, өзектілігі артып келеді.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2025
Инвестициялық ахуалды жақсарту мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық бизнес-қоғамдастық пен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2025
Қаржы министрлігінің цифрлық картасы
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйе қызметімен, цифрлық трансформация жобаларымен танысты.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2025
Татулық пен келісім миссиясын атқарған Астана
Әлемнің әр түкпірінен ділі мен діні бөлек болса да, ниет-тілегі бір рухани көшбасшылардың басын бір ортада қосып, «бейбітшілік пен келісім» атты адамзатқа ортақ құндылықты дәріптеуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі де өз жұмысын тәмамдады. Әлемге мейірім мен махаббаттың, толеранттылық пен татулықтың дәнін сеуіп жүрген съездің миссиясы мұнымен тоқтамақ емес. Делегаттар, амандық болса, 2028 жылы елорда төрінде тағы да кездесуге уағдаласып, дәстүрлі декларация қабылдады.
Білім • 20 Қыркүйек, 2025
Колледж түлектеріне сұраныс жоғары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елімізге жоғары білікті, кәсіби даярлығы мықты жұмысшы мамандар қажет екенін айрықша атап өтті. Өйткені оларсыз еңбек нарығын елестету тіпті де мүмкін емес.