«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
Астана аулалары абаттандырылды
2023 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 20 қыркүйекті «Дүниежүзілік тазалық күні» деп жариялау туралы қаулы қабылдады. Елімізде былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Өткен сенбіде, «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында бүкіл ел көлемінде тазалық, абаттандыру сенбіліктері кеңінен ұйымдастырылды. Тұрғындар қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазартып, көше, аулаларды абаттандырды.
Мирас • 23 Қыркүйек, 2025
Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбай тәржімелеген зерттеу
ХХ ғасырдың бас ширегінде ұлт тұлғалары халқымыздың дамуына септігі тиетін еңбектерді қазақ тіліне аударып, пайдалы ағартушылық-шығармашылық жұмыс та атқарды. Соның бір парасы – қазақ ауыл шаруасына қажетті зерттеулер, тәжірибелер.
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
Қайта өңдеу саласының қарышты қадамы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын қолға алу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде бірнеше ірі агрожобалар іске асып жатқанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта осы жобалардың нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны ашылатынын баяндады. Жобаларды іске асыруға отандық, шетелдік инвесторлар қатысып жатқанын, 2 млрд доллардай инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Келешекте ол өз жемісін беріп, отандық агроөнімдер шетел нарығына шығарылатынын жеткізді. Мұндай жобалардың ауқымын кеңейту қажеттігін, әр аймақта өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптастыру керектігін еске салды.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
113 мың түп Сібір шыршасы егілді
Шығыс Қазақстан облысында ауқымды экологиялық акция өтті. Негізгі іс-шара Өскеменнің Шмелов Лог ауылы маңында ұйымдастырылды.
Ғалам ғажаптары • 23 Қыркүйек, 2025
«ChatGPT» сырласы – келіншектер
«OpenAI» 1,5 миллионнан астам «ChatGPT» қолданушысын талдап, қызықты деректерді жариялады. Зерттеу нәтижесі бойынша, сервисті ең белсенді қолданатындар – келіншектер екен.