Тағзым • 23 Қыркүйек, 2025
Ел рухын асқақтатқан Міржақып тойы
Қостанай облысында Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Қостанайда, қайраткердің кіндік қаны тамған Қызбел, Бидайық, Торғай төрінде екі күнге созылған танымдық-тағылымдық мәні зор мерекелік іс-шаралар ел рухын асқақтатып, ұлт мерейін көтеріп тастағаны анық.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2025
Өндіруші мен тұтынушы қайткенде ұтылмайды?
Еліміздегі көп өңірде диқандар өнімін делдалға өткізуге мәжбүр. Себебі тікелей сауда желілеріне шығуға логистика, қойма, тасымал мен маркетинг шығыны қажет. Өнімді ұзақ сақтайтын заманауи қоймалар да жетіспейді. Оған қоса, базарлардағы орын ақысы мен сауда ұйымдастыру құны тым жоғары. Сонда тығырықтан шығар жол қайсы?
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себілді. Әсіресе қант өндірісінің дамуына ерекше көңіл бөлінді. Былтыр облыста рекордтық өнім жиналып, өңірдегі екі зауыт 67 мың тонна қант өндірген. Биыл тәтті түбірдің егіс алқабы 12,1 мың гектарға қысқарғанымен, 540 мың тонна қызылша жиналады деп күтіліп отыр.
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
«Ақтау Агро» серіктестігінде асылтұқымды құс өсіруге арналған кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға «Аграрлық несие корпорациясы» мен құрылтайшылар қаражаты бөлінген. Фабрикада инкубатор, құс өсіру алаңдары, құс сою цехы, құрамажем зауыты қарастырылған.
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
Елімізде құрылыс және жөндеу саласында импорттық өнімге тәуелділікті азайту мақсатында отандық зауыттар іске қосылып жатыр. Дегенмен толыққанды өндірісті дамыту үшін бірқатар кедергі бар. Астана маңында орналасқан бояу өндіретін «BMP Astana» зауыты бірқатар түйткілмен бетпе-бет келіп отыр.