Жасанды интеллект • 04 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект нарығына бетбұрыс
Жасанды интеллект – бүгінгі таңда ғылыми қиял емес. Ол экономиканың, саясаттың, қоғам дамуының негізгі құралына айналды. Осы жылды сарапшылар ЖИ нарығына бетбұрыс кезеңі деп атап отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында: «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс», деп атап өтті. Себебі әлем елдері жасанды интеллектіні дамытуға миллиардтаған қаржы бөліп, заң қабылдап, өз тілдері мен мәдениетіне бейімделген үлгілерді жасауды қолға алды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік оптимизм – берекелі өмір бастауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы халыққа арнаған алғашқы Жолдауын сындарлы қоғамдық диалогке арнағаны белгілі. Ол мұны тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі жолы деп қарастырды. Өйткені әлемде қалыптасып отырған геосаяси ахуал тиімді мемлекет құруды, адамдардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы қалауды, халықпен тиімді диалог орнатуды талап етті.
Үкімет • 04 Қыркүйек, 2025
Көші-қон тәртібін жүйелеу – өзекті мәселе
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жаңа саяси маусымдағы алғашқы жалпы отырыс өтті. Депутаттар Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ сапарлар мен азаматтардың болу тәртібі туралы екі келісімді ратификациялау жобасын қарады. Тиісті комитеттер бірқатар заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Халық сақтандыруға неге құлықсыз?
Дамыған елдерде сақтандыру – бизнестің де, жеке өмірдің де негізгі тірегі. Үй салсаң да, көлік мінсең де, тіпті қарапайым саяхатқа шықсаң да, алдымен қауіп-қатерді сақтандыру арқылы қорғайсың. Ал елімізде сақтандыру деген ұғымның өзі көп адамға күдік тудыратыны рас. Ерікті медициналық сақтандыру бар, мүлікті де қорғауға болады, ауыл шаруашылығы үшін арнайы бағдарламалар жасалған. Бірақ іс жүзінде жағдай басқа.
Өндіріс • 04 Қыркүйек, 2025
Сенімге негізделген сапалы өнім
Түгін тартса, майы шыққан Меркінің жері жанға да, малға да жайлы. Осыдан болса керек, Меркі сүт өнімдеріне қай кезде де сұраныс азайған жоқ. Меркі май-ірімшік зауытының аты шарықтап тұрған кезде жұмысшылар тәулігіне 100 тоннаға дейін сүтті өңдеп, одан ірімшік, лактоза алып отырған. 90-жылдардағы қиын кезеңде іргесі сөгілмеген, аудан тарихында аты бар зауыт қазіргі нарық заманына бейімделіп, бәсекелестерден қалмауға тырысып келеді.