Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Қырағылық – қауіпсіздік кепілі
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – ел тұтқасын ұстаған азаматтар мен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қырағы бақылауында. Бұл орайда кезекті оқу жылы басталғанда білім беру мекемелері маңындағы көшелерде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, балалар өмірін аяқасты қатерден сақтауға күш салудың маңызы зор. Орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаевтың қатысуымен өткен брифингте осы өзекті мәселе қозғалды.
Құқық • 04 Қыркүйек, 2025
Әділетті қоғам құқықтық құзыреттен басталады
Әрбір азамат қоғамда тең мүмкіндіктерге ие болуы қажет. Ал ол үшін алдымен әлеуметтік-құқықтық құзыретімізді түсініп алуымыз керек. Президенттің сайлауалды бағдарламасының негізгі ұғымы да, басты қағидаты да осы - әділет. 2022 жылғы конституциялық реформаның мақсаты – барынша әділет қағидасына жол ашу.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2025
«Табалдырық» – терең сарапты дүние
Қызылжардағы жаңадан ашылған «Мағжан орталығында» С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақынға арналған «Табалдырықтан басталған азапты жол» атты әдеби кеш өтті.
Мирас • 04 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысындағы Созақ және Көктөбе ауылдарының дәл ортасында Жақ деп аталатын төбешік орналасқан. Жұрт мұны Жақтөбе деп атап кеткен. Осы төбенің үстіндегі шағын ғана аумақты алып жатқан қорымның шығыс тұсында өз алдына оқшаулау орналасқан үш төмпешік – үш қабір жатыр. Мұның екеуінде Досымет Шаяхметов пен оның немересі жерленген. Ал үшіншісі Досымет қарияның «Господин» деген жүйрігінікі.
Шаруашылық • 04 Қыркүйек, 2025
Ауыл жұрты төрт түліктің қысқы жемшөбін қамдаудың қамына кірісті. Биыл Павлодар облысында 1,7 млн тоннадан астам шөп дайындау жоспарланған. Дей тұрғанмен, бірқатар ауданда жаздың құрғақ әрі ыстық болуынан шабындықтар күйіп кеткен.