Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Мүгедектік тобын белгілеу онлайн қаралады
Мүгедектік тобын белгілеуге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы жүзеге асырылып келеді. Биылғы қаңтар айынан бері қанатқақты жоба аясында 68,9 мың өтінім қаралды. Сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан шеңберінде жүргізіледі.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025
Жыл басынан бері бала тууына, күтіміне байланысты төленген жәрдемақының жалпы сомасы 507 млрд теңгеге жуықтаған. Оның ішінде тек бала туғанда берілетін жәрдемақыға республикалық бюджеттен 36,4 млрд теңге қаралып, 201,7 мың азаматқа тиген.
Сұхбат • 04 Қыркүйек, 2025
«Жауапкершілік пен сапа – білімнің басты бағдары»
Педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының алдағы бағытын айқындап берді. Президент оқулықтардың сапасын қатаң сараптау, қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті еңсеру, ұстазды елдің болашағын қалыптастыратын басты тұлға ретінде қолдау, «Адал азамат» атты тәрбиелік бағдарламаны енгізу және цифрлық трансформацияны жеделдету секілді бірнеше маңызды басымдықты атап өтті. Осы айтылған міндеттерді кәсіби қауым қалай қабылдап отырғаны жөнінде «Arman-PV» баспасының бас директоры Дидара Алинамен сұхбаттасқан едік.
Мектеп • 04 Қыркүйек, 2025
Заманауи мектеп – өркениет нышаны
Жаңа оқу жылында Шығыс Қазақстан облысында білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи мектептер пайдалануға берілді. Биылғы оқу жылында облыстың 347 мектебінде 99 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның ішінде алғаш рет мектеп табалдырығын 9 729 балдырған аттаған.
Білім • 04 Қыркүйек, 2025
Биыл еліміздің түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам білім ұясы 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашты. Жаңа оқу жылына 83 оқу ошағы пайдалануға берілді, соның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жоба аясында салынған. Биыл бірінші сыныпқа 360 мыңнан көп бала барды, олардың 72 пайызы қазақша оқуды таңдады.