Үкімет • 21 Тамыз, 2025
Ауызсумен қамту жөнінде есеп берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының халықты 100% ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру, сондай-ақ топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау барысы бойынша кеңес өткізді.
Сұхбат • 21 Тамыз, 2025
Нұрбек МАТЖАНИ: Халықтың мемлекетке сенімі артып келеді
Кейінгі жылдары елімізде кешенді саяси, экономикалық һәм әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Қоғамның бар саласын қамтыған осы өзгерістердің нәтижесі қандай? Халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі қай деңгейде? Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжанимен сұхбатымызда осы мәселелерге жауап іздеп көрдік.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Қонағы көп қаланың қауіпсіздігі құнтталды
Қауіпсіздік – еліміздің әрбір өңір, әр ауылы үшін маңызды мәселе. Ал шығысында Талас Алатауы, оңтүстік батысында Өгем, Қаржантау, Қазығұрт тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан Төлеби ауданы, оның орталығы Леңгір қаласы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті еселене түседі. Олай дейтініміз, табиғаты тамаша таулы аймаққа келуші қонақтар мен туристер көп. Яғни жауаптылар үшін жергілікті тұрғындармен қатар саяхаттаушы, демалушылардың алаңсыз да емін-еркін жүріп, аман қайтқаны маңызды.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Биылғы маусым айындағы дерекке қарасақ, елімізде жаңа үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 527 220 теңге болған. Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығының (AERC) мәліметінше, ең қымбат баға Астанада тіркелген. Елордада пәтердің бір шаршы метрі – 492 309 теңге шамасында. Ал ең төмен көрсеткіш Өскеменде – 434 154 теңге. Құрылыс та қарқынды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында құрылыс көлемінің жылдық мәні 15,4%-ға өскен.
Жасанды интеллект • 21 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект медицинаға не береді?
Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы қазір дүние жүзінде ЖИ қарқынды дамуына байланысты сипаты мүлде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Президент денсаулық сақтау саласында ЖИ технологиясын пайдаланудың маңызына назар аударды. Оның айтуынша, медицина саласында ауқымды ақпарат жинақталған. ЖИ көмегімен олардың негізінде дұрыс диагноз қоюға, ем-шара тағайындауға және науқастарға мониторинг жүргізуге арналған құралдар дайындауға болады.