Сараптама • 21 Тамыз, 2025
Жақыныма ақша аударғаным үшін Салық комитеті шақыра ма?
Заңгер Алмаз Отаровтың жауабы: – Ең алдымен, заңда көрсетілген шектеулерге тоқталайық. Егер сіздің шотыңызға үш айдың ішінде 100-ден көп әртүрлі адамнан ақша түссе, әрі жалпы сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асса, онда бұл табыс – кәсіпкерлік әрекет деп қаралуы мүмкін. Яғни мемлекет сізді жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жүр деп есептейді. Бұл ереженің мақсаты – шынымен бизнес жасап, табыс тауып жүрген адамдардың салықтан жалтаруына жол бермеу.
Таным • 21 Тамыз, 2025
Данияның білім жүйесінде ерекше бір сабақ бар. Ол – «Klassens tid», қазақшаласақ, «Сынып сағаты». Бұл дәстүр 1993 жылдан бері үзілмей келеді. Аптасына бір рет 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар сыныбында бас қосып, бір-бірімен еркін әңгімелеседі.
Жасанды интеллект • 21 Тамыз, 2025
Қазіргі заманда жасанды интеллект (ЖИ) тек техникалық салада ғана емес, саясатта да белсенді қолданылып келеді. Цифрлық дәуірде мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс жаңа сипатқа ие болып, саяси коммуникация жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Дәл осы өзгерістерді кешенді зерттеген отандық ғалым, медиа және коммуникация маманы Айтолқын Әшімова докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Өнер • 21 Тамыз, 2025
«Астана Опера» театрының өнерпаздары Қытайда өткен балет әртістерінің бірінші халықаралық байқауынан жеңіспен оралды. Әсіресе жетекші солист Диас Құрманғазы «Үздік орындау» аталымында топ жарса, жас хореограф Сұлтанбек Ғұмар «Үздік хореография» аталымында жүлдегер атанды.
Технология • 21 Тамыз, 2025
«Заманауи» достықтың пайдасы мен зияны
Адамның өзі ойлана алуы, өзі шешім қабылдауы, тіпті адаммен достасуы да сирек құбылысқа айналатын секілді. Себебі технологияның тілін меңгерген сайын бар назарымыз соған ауып барады. Қазір жасөспірімдердің көбі жаңа дос табудан гөрі жасанды интеллект негізіндегі чатботтармен сөйлескенді жөн көреді. «Common Sense Media» дерегінше, олардың 72 пайызы кем дегенде бір рет ЖИ-мен сөйлескен, ал 33 пайызы олармен достық немесе одан да терең сезім байланысын орнатқан.