Жәдігер • 21 Тамыз, 2025
Жәдігерді жаңғыртқан ескерткіш
Қостанайда «Тобыл ойшылы» тас мүсініне ескерткіш орнатылды. Көнеден жеткен құнды жәдігердің үш метрлік алып көшірмесін ақтөбелік мүсінші Жеңіс Жұбанқосов жасап шыққан.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Сенаторлар Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Жезқазғанда олар теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасымен танысты.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Денсаулық сақтау реформаларының жемісі мен жетістігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған міндеттер аясында денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асуда. Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтып, әрбір азаматқа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған жүйелі реформалар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Тамыз, 2025
Неміс ақыны Иоганн Гёте әйдік ақын ғана емес, әйбат өсімдіктанушы да болған. Ол «Өсімдік метаморфозасы» атты пәлсапалық өлеңінде тамырдың, өскіннің, жапырақтың жалғыз тұқымнан пайда болғанын мысал етіп, жер бетіндегі барлық болмыстың бір бастаудан жаралғанын жеткізеді. Кішкентай гүлдің құрылымынан табиғаттағы тұтас үйлесім көрінеді деп жырлайды. Бүгінгі кейіпкеріміз де гүлдерді шебер үйлестіріп, көңілдерге қуаныш сыйлайтын жан. Ол – флорист Ержан Балтабай.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесті. Басқосуда Қазақстан мен Өзбекстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің саяси және экономикалық белсенділігі, кәсіпкерлігі, заңнамалық реформалар мен екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыбындағы мәселелер көтерілді.