Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Адвокатура мен медиация жүйесін жетілдіру жолы
Адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктерді нығайту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мен халыққа заң көмегінің қолжетімділігін кеңейту – өзекті мәселе. Сенатор Евгений Больгерттің Республикалық адвокаттар алқасының өкілдерімен кездесуінде осы мәселелер әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ адвокатура институтын дамыту, адвокаттар қауымдастығы қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары талқыланды.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Өткізу пункттеріндегі жұмысты тексерді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына арнайы келіп, Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын зерделеді.
Қаржы • 15 Тамыз, 2025
Қайтарылған жер телімі 217 млн теңгеге сатылды
E-Qazyna электронды сауда платформасында қайтарылған активтердің бірі – Алматы облысындағы жер телімін сату бойынша өткен аукциондық сауда сәтімен аяқталды. Кезінде жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен жер телімінің лоты 217 млн теңгеге сатылды.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.
Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025
Елімізде кейінгі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіп жақсарып келеді. Алайда интернет алаяқтық пен есірткі қылмысы елдің есін алып, алаңдатып тұр. Бұл туралы прокуратура органдарының алғашқы жеті айдағы есебінде айтылды.