Жоба • 15 Тамыз, 2025
Халыққа қолайлы әлеуметтік жоба
Ел азаматтарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері қолжетімді әрі жариялы болғаны дұрыс. «Әлеуметтік әмиян» – осыны барынша үйлестіріп, жолға қоятын жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Үкіметке жобаны мерзімінен кешіктірмей орындауды тапсырған еді.
Пікір • 15 Тамыз, 2025
Деректер қауіпсіздігінің маңызы
Кейінгі жылдары жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып, барлық салаға еніп жатыр. Алайда бұл технологияның мүмкіндігімен қатар, қоғам мен адамзат болашағына төндіруі мүмкін қауіптері де бар.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Білім және зерттеу жылы» деп жариялауды ұсынды. Президенттің айтуынша, технологиясы дамыған болашаққа апарар жол білікті кадрлар даярлауға тікелей байланысты. Демек басты мақсат – білім сапасын, оның ішінде, орта білім беру сапасын көтеру. Себебі орта білім сапасы көтерілсе, білікті кадр даярлау деңгейі көтеріледі, елдің экономикасы мен ғылыми-инновациялық даму қарқыны артады.
Digital • 15 Тамыз, 2025
Экономиканы ілгерілететін стартаптар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте келешегі зор стартаптар мен ұлттық маңызы бар жобаларға басымдық беру қажеттігін атап өтті.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Жыл сайынғы Тамыз конференциясы аясында жер-жерде панельдік секциялар өтіп жатыр. Соның бірі мемлекеттік саясаттың негізгі идеясымен үндесетін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына арналды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған жиынға еліміздің барлық өңірінен білім ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагогтер, білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері және мемлекеттік мүдделі органдардың өкілдері қатысты.