Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025
Қазір «пранк» жасау сәнге айналды. Мамандар мұның адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін екенін айтады. Өйткені «ойыннан от шығып» жататын кездер де жоқ емес. Ал бұл «ойын» да заңмен реттеліп, тәртіпке бағынатынын есте сақтаған жөн.
Өндіріс • 15 Тамыз, 2025
Қарағандыда HOWO жүк көлігі құрастырылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік құрастыру саласын дамыту қажеттігін үнемі назарда ұстап келеді. Үкімет бұл бағытқа жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, күні бүгінге дейін автобус құрастырып келген Қарағандыда енді жүк көліктері де шығарылатын болды.
Экономика • 15 Тамыз, 2025
Алтын дипломатиясының бұлжымас ережесі
Жыл басынан бері алтын 26%-ға қымбаттап, ең кірісті инвестицияға айналды. Консенсус-талдаушылар жылдың екінші жартысында алтын үшін макроэкономикалық жағдай тұрақты болса, 5%-ға дейін орташа өсім көрсетеді деп болжайды. Қазіргі бағам бойынша алтынның фьючерстері бір унциясы үшін 3 343 доллар сұрайды.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Ғалым еңбегі неге ескерусіз қалды?
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Құдайберген Қанапиянов құрғақ ауа райында мол өнім беретін жоңышқаның жаңа сортын ойлап шығарды. Өкінішке қарай, оның өнертабысын Ертіс-Баян өңірінде елеп-ескеретін ешкім болмай тұр. Ғалымның сөзінше, жаңа дақыл жемшөп мәселесін түбегейлі шешіп, мал еті мен сүттің өзіндік құнын арзандатуға негіз болады.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Баспанамен қамту – басты назарда
Тараз қаласында халық саны жыл өткен сайын артып келеді. Халықтың көбейгені жергілікті атқарушы билік өкілдеріне зор жауапкершілік жүктейтіні анық. Мұндайда қала әкімдігі әлеуметтік мәселелерге, соның ішінде тұрғындарды баспанамен қамту жайына баса назар аударады.