Жасанды интеллект • 16 Наурыз, 2026
Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін
Адам баласында арман таусылған ба? Қиялына қанат бітіріп, талаптың тұлпарын мінгізетін осы құдіреттің арқасында өркениет өрге басты. Күнделікті өмірімізге тонның ішкі бауындай араласып кеткен жасанды интелект те адамзат арманының бір бөлшегі. Ежелгі замандағы ерен ойшылдар өздігімен ойланып, дербес қимылдайтын көмекшіні әбден қиялдаған. Сол себепті қазіргі роботтардың арғы бейнесін көне мифтерден, көркем шығармалардан, мүсіндер мен суретерден анық аңғарамыз.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша референдум аяқталды. Орталық референдум комиссиясы ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, ел халқының 73,24 пайызы дауыс берді. Сарапшылардың айтуынша, бұл – жоғары көрсеткіш. Ел халқы маңызды үдеріске бейжай қарамай, жауапкершілік танытып, белсенді болды.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Байқаушы миссиясы: Ауқымды жұмыс атқарылды
Елімізде өткен жаңа Конституция жөніндегі референдумда іргелі халықаралық ұйымдар да арнайы өкілдерін жіберіп, байқаушы миссиясын атқарды. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), ТМД, Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламенттік Ассамблеясы (ТМД ПА), тағы бірқатар халықаралық орталық болды.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Халықаралық байқаушылардың бағасы
Елдегі референдумның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге халықаралық байқаушылар да белсенді атсалысты. Олар Астанадағы учаскелерді аралап, науқан барысын жіті қадағалады. Шет мемлекеттерден келген сайлау комиссияларының төрағалары отандастарымыздың белсенділігін жоғары бағалады.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқан конституциялық реформа елдігіміздің бағыт-бағдарын айқындаған маңызды кезең ретінде есте қалды. Жауапты науқан барысында Алматыдағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңынан жүйелі ақпарат таратқан тәуелсіз байқаушылардың жедел штабы таңнан кешке дейін үздіксіз жұмыс істеді.