Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Партия • 17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумның сәтті өтуіне орай Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтті. Депутаттар дауыс беру нәтижесі азаматтардың тарихи таңдауына айналғанын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына деген қоғамның жан-жақты қолдауын растағанын атап өтті. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс режімі арқылы өңірлік мәслихаттардағы партия фракциялары да қатысты.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапхана екі тілде – «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы» және «Проект новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріппен басылған арнайы басылымды жарыққа шығарды.
Құқық • 17 Наурыз, 2026
Жұмыскер құқын қорғайтын құжат
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен бюро отырысында депутаттар 19 наурыздағы Сенат отырысының күн тәртібін айқындап, Палатаның іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Digital • 17 Наурыз, 2026
Цифрлық кітапхана: 64 тілде 85 мың құжат сақталған
Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 оқырманға жетті. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған.