Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025
АҚШ-та телефонға шектен тыс телміргендердің саусағын қысып қалатын сақина шықты.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы орталығында тұрғын үй кезегінде 109 адам тұр. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік қызметкерлер санатында – 61, әлеуметтік осал топ санатында – 17, көпбалалы аналар санатында – 19, жетім бала санатында – 1, баспанасы апатты саналатын 11 адам кезекте тұр. Биыл республикалық бюджеттен әлеуметтік осал топқа 523 млн теңге, жергілікті бюджеттен 50 млн 452 мың теңге бөлініп, 32 пәтер сатып алынды.
Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025
Британдық «Bo» компаниясы әлемдегі ең жылдам электрскутерді таныстырды. Ол сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүйтки алады.
Спорт • 23 Шілде, 2025
Бішкекте күрес түрлерінен Азия біріншілігі (U-20) аяқталды. Еліміздің грек-рим күресі шеберлері жарысты алты медальмен қорытындылады. Темірлан Тұрдақын (87 кг) мен Диас Сейітқалиев (82 кг) бас жүлдені олжаласа, Омар Дүйсенбек (77 кг) финалда ұтылды.
Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025
Жапонияда әжелерді жалға беру қызметі трендке айналды. «OK Obaachan» деп аталатын бұл қызмет арқылы кез келген адам каталогтан өзі қалаған 60 пен 94 жас аралығындағы әжені таңдап, оның әңгімесін, ақыл-кеңесін тыңдай алады.