Ғылым • 15 Шілде, 2025
Атом энергиясы туралы іргелі жұмыс
Бүгінде еліміз энергетика, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы ауқымды өзгерістердің алдында тұрғанда Ядролық физика институтының (ЯФИ) еңбегі ерекше маңызға ие. Осы ұжымның бір топ ғалымы атом энергетикасын пайдалану мен зерттеуге байланысты кешенді зерттеу жұмысын аяқтап, ғылыми қауымдастықтан жоғары баға алып отыр.
Ғылым • 15 Шілде, 2025
Отандық геология ғылымын тілге тиек еткенде, геологтердің ғылыми мектебінің негізін қалаған ғалым, Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың есімі бірден ойымызға оралады. Қаныш Имантайұлының зерттеу еңбектерінен бастау алатын қазақ геологиясына қызмет еткен ғалымдардың ғылыми жаңалықтары геофизика, геохимия салаларында үздік зерттеу нәтижелеріне қол жеткізді.
Әдебиет • 15 Шілде, 2025
Бүгінде М.Әуезов пен М.Мырзахметұлының зерттеулері арқылы Абай шығармаларындағы Толық адам туралы ой желілерін біршама білгірлікпен байыптай алатын халге жеттік. Алайда мұның терең төркіні мен желілі жүйесін, хакім қалыптаған болмысын жете танымай, науқаншылдықпен насихаттаушылық та бар. Толық адам ілімі – Абайдың өзіне дейінгі адамгершілік іліміне сүйене жүріп, заманының да талабынан туындатып, өзі жырлап, өзі қалыптап жасаған төл танымы.
Мәселе • 15 Шілде, 2025
Халқымыз киелі түз жануары санайтын киік мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Оған бір себеп – құмырсқадай қаптаған ақбөкен тапап өтіп, малға жайылым қалдырмаған шаруалардың жанайқайы. Әсіресе Жайық өңіріндегі тіршілігі төрт түлікке қараған ағайын алдағы уақытта тігерге тұяғы қалмай ма деп қауіптеніп, билік басындағы азаматтардан араша сұрауға мәжбүр болған.
Экология • 15 Шілде, 2025
Табиғатқа тағылық тоқтамай тұр
Атырау тұрғындарын алаңдататып отырған түйткілдің бірі – атмосфералық ауаның ластануы. Жұтар ауасы жұпар емес өңірдің экологиясы әлі жақсарар емес. Табиғаттың тазалығына тағылық жасау әрекетінің көкейкесті мәселеге айналғанына бірнеше жылдың жүзі ауды.