Қоғам • 17 Қаңтар, 2014
Азық-түлік қауіпсіздігі ең өзекті мәселеге айналып келеді
ХХ ғасырдың екінші жартысында бастау алған адамзат баласының өсімі жыл өткен сайын арта түсуде. Халықаралық зерттеу бойынша, соңғы жылдары Жер тұрғындары жыл сайын 80 миллион адамға ұлғайып келе жатыр екен. Осындай пікірді Германиядағы Кампус Seilersee президенті, профессор Дитрих Вальтер Алматыға келгенде «Жасыл экономика және тұрақты даму» деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда айтқаны белгілі.