Экономика • 24 Қаңтар, 2022
Зардап шеккендерге қаржы секторы қандай қолдау көрсетеді?
Дәл қазір елде болған төтенше жағдайдан зардап шеккен барша азаматқа айрықша қолдау аса қажет. Мемлекеттік органдардың да тізе қоса қимылдап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар кезі – осы сәт. Дүрбелең кезінде қаншама кәсіпкер мен қарапайым азаматтың кәсібі мен жұмысы тоқтап, табыстарынан айырылды. Бүлік салдарынан шағын бизнестің тауарлары мен нысандары бүлінді. Енді олардың етек-жеңіп жинап, қалыпқа келуіне әуелі ақша, сосын уақыт қажет. Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы оқиғадан зардап шеккендерге кең көлемді қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Білім • 24 Қаңтар, 2022
Бағалау – жетістікке жетуге қажетті құзыреттілік
Еліміздегі кез келген реформа әрбір азаматқа тікелей қатысты. Әсіресе, білім саласы сөз болғанда, ешкім де сырт қала алмайды. Отандық және халықаралық тәжірибе көрсеткендей, білім беру саясатындағы реформаларды оңтайлы жүзеге асыру білім саласының қазіргі ахуалын, оның тиімділігін, пайдаланылатын адами, ақпараттық, қаржылық және басқа да ресурстардың деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін бағалау жүйесі енгізілген жағдайда ғана мүмкін болады.
Медицина • 24 Қаңтар, 2022
Алмат Қодасбаев: Медициналық туризмнің ілгерілеуіне үлес қостық
Отыз жыл бедерінде құрылған, ең бастысы еліміздегі медициналық туризмді алға жылжытуға үлес қосып келе жатқандардың бірі – Алматыдағы кардиология орталығы. Осы жылдарда аталған орталық отандық медицинаның дамуына, озық технологиялардың келуіне, заманауи күрделі операциялардың елімізде жасалуына жұмыс істей алды ма? Бұл сұрақтарды «Қалалық кардиология орталығы» МКК директоры, Қазақстанның үздік кардиохирургтары байқауының «Ақ жүрек» номинациясының лауреаты, 2015 жылғы «Жыл дәрігері» және 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алмат Қодасбаевқа қойдық.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022
Шоғырланған тұтынушы шағын өндіріске сеп
Урбандалудың жылдам жүруі еліміздегі әлеуметтік мәселелердің асқынуына әкеліп отырғаны белгілі. Бұл – терең зерттеп, кеңінен зерделеуді қажет ететін тақырып. Біз бұған әлі ораламыз. Ал әзірге осы мегаполистер мен тірек қалалардың маңына жаппай шоғырлану үрдісі отандық азық-түлік қауіпсіздігіне қаншалықты ықпал етіп отырғаны жайында айтпақпыз.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2022
Хакім Абайдың 37-ші қарасөзінде: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбектік – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деп айтылған даналықты пікіріне қайраттанасың әрі азаптанасың.