Экология • 24 Қаңтар, 2022
Кез келген мәселенің байыбына бармай жатып, байбалам салу бүгінгі қоғамның әдетіне айналғандай. Айталық, көпшілік сөзбұйдаға салынған утилизация алымы немесе кәдеге жарату алымының не себепті енгізілгенін әлі де түсінбеген сынды. Аты айтып тұрғандай – кәдеге жарату, яғни әр өңделген, не өңделетін қалдық үшін алынатын төлем түрі. Демек оның әуелгі мақсаты тұрмыстық, өндірістік және басқа да қалдық түрлерін барынша азайтып, экологиялық ахуалды жақсарту емес пе еді?
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
«Оның қолы өте шебер еді. Ал өзіне құп жарасатын шашы қалың әрі қап-қара болатын. Алаулаған жүзінен оның тым мейірімді, ақ көңіл жан екені сезіліп тұрады. Дауысы актрисалардың үніндей тамылжып шығатын».
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
Мейлі ол жерде тау жоқ шығар бой түзейтін. Көңіліңнің шөлін басатын көл де болмауы ғажап емес. Өміріңнің өрнегін сызған өзен де етекте жатпауы мүмкін. Көлеңкесін тасалар алып ағаш та, жұпарын шашқан майса шөп те өспеуі мүмкін. Бірақ ол сіздің туған ауылыңыз ғой, айырбастауға келмейтін алақандай әшекейсіз әлеміңіз!
Елорда • 24 Қаңтар, 2022
Қазақта «болары болды, бояуы сіңді» деген сөз бар. Бас шаһардағы LRT жобасына қатысты да осыны айтар едік. Бұл құрылысты бастап, орта жолдан тастап кеткендерді қанша даттағанмен, қазаққа ешкім құрылысты аяқтап бермейді енді, бетон тіректерді не сүруіміз керек, не аяқтауымыз керек. Әзірше біржақты шешім жоқ. Дегенмен де елорданың Урбанистика орталығы отандық сәулетшілер мен урбанист-мамандардан, құрылысшылардан осы жоба бойынша ұсыныстар қабылдауға кірісті.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
Тағы да Хэм ағай... Ол туралы мың-сан сөз өткен ғасырдан бері айтылып келеді, әлі талай жыл жазылар. Ол көзінің тірісінде жазушы бақытын сезінді, жасаған үлкен еңбегінің жемісін көрді. Яғни жақсы өмір сүрді дейміз. Алайда, осыдан шамамен алпыс жыл бұрын Кетчум қалашығында (Айдахо штаты) өз үйінде америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй таңсәріде өмірден өтті. Мезгілсіз қазаның себебін қаруды абайсыз қолдану нәтижесінен десті. Бірақ Хемингуэйдің Африкада талай арыстанды атып өлтірген кәнігі аңшы екені мәлім болғандықтан, бұған ешкім сенбеді. 1966 жылы жазушының әйелі Мэри оның өмірден өз еркімен кеткенін мәлімдеді. Хэм ағай мына өмірге неге сыймады?