Сайлау • 24 Қаңтар, 2023
Біраз жыл бұрын Алматыдағы бір қайырымдылық қорының өтінішімен шығыс өңіріне жолымыз түсті. 30 миллионға жуық теңге көлеміндегі қамқорлық жұмысын ұйымдастыра жүріп, облыстағы бір аудан бюджетінің игерілу бағытын сұрадық. Бюджет – 7,5 миллиард теңге. Ал ауданның салық кірісі – 900 миллион теңге. Арадағы айырманы қараңыз – 88%.
Ауыл • 24 Қаңтар, 2023
Ауылдың түтіні түзу ұшып, босағасына береке үйірілу үшін бірлік керек. Елінің бас көтерер ер-азаматтары жұмыла қимылдаған жерде тәп-тәуір тірлік бар.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2023
Ресейдің Қорған облысымен шектесетін шекараның түбінде жатқан қазақы ауылдың бірі Обаған – заманында талай құқайды бастан кешірген тағдырлы мекен. «Атақты Кенесары хан Тобольскіге өтіп бара жатып, осы Обаған өзеніне атын суарған. Бұл өзеннің жағасында Шоқан Уәлихановтың ізі қалған. 1966 жылдары Сәбит Мұқанов та келген. Обағанның тарихын отыз күн жырласақ та тауыса алмаймыз», дейді жергілікті жұрт.
Экология • 24 Қаңтар, 2023
Балық шаруашылығының бары мен жоғы
Балық шаруашылығын дамыту агросаясаттағы басты міндеттің бірі болғанымен, бүгінде нақты нәтижеге қол жеткізу қиындау болып тұр. Бұл өз кезегінде ел Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған» бағдарламасы атты іргелі жоспардың орындалуын кешеуілдетіп отыр.
Экономика • 24 Қаңтар, 2023
Банкроттық – несие кешіру акциясы емес
Наурыздан бастап қаржы ұйымы алдындағы берешегін өтей алмаған азаматтар өздерін банкротпыз деп жариялауға құқылы. Заң бойынша борышкер үш түрлі әдіспен банкрот бола алады – соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі. Үшеуі де тек клиенттің бастамашылық етуімен іске асады. Қаржы мекемесі өз клиентіне қатысты банкроттық процедурасын бастауға құқылы емес. Бұл ретте жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң – ешқандай да несие кешіру акциясы емес екенін түсінген абзал. Бұл – қарызды төлеуге еш амал қалмағанда жасалатын ақырғы қадам.