Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Моңғол елі мен Қазақ елінің ортақ мақтанышына айналған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал тарихшы, білікті мәмілегер Зардыхан Қинаятұлының арамыздан кеткеніне де төрт жылдың жүзі болып қалыпты-ау! 1996-2016 жылдары бір мекеменің бір бөлімінде қатар отырған сырлас, мұңдас, тағдырлас ағамның сүйікті бейнесі, аз сөзбен-ақ көп ой, алуан сырға толы тағылымды әңгімелердің түйінін тарқатып беруші еді, әсіресе Тәуелсіз қазақ елінің бүгіні мен болашағы туралы сөз болғанда жайшылықта сыпайы, момынторы болып көрінетін Зақаңды танымай қалушы едік. Зақаң сондай аса шетін тақырыптар жөніндегі ойларын оңаша бөлме мен асхана төңірегінде емес, радио, газет, жорналдарда, кітаптарында ашық-әшкере айтудан тартынбағанына «Тарихқа көзқарас» атты жинағын оқыған адамның көзі жетеді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Соңғы жылдары Қызылорда қаласының ауқымы ұлғайып, көшелер кеңейді, түрлі ғимараттар бой көтерді. Ең бастысы, қала тазара түсті. Әйтпесе, жел көтерілсе көшедегі қағаз бен целлофан көктегі құстармен жарыса жалпылдай ұшып, келген қонақтар алдында көзімізбен жер шұқыған сәттеріміз аз болмаған. Қазір сырттан келгендердің көпшілігі Қызылорданы Қазақстандағы ең таза қалалар қатарына қосады. Бұл әрине, облыс пен қала басшылығының, тиісті құрылымдар еңбегінің жемісі.
Медицина • 22 Қаңтар, 2020
Йоахим Бройер: Әлеуметтік қамсыздандырумен баршаны қамту керек
Әлеуметтік қамсыздандыру – әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы. Мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан түрлі әлеуметтік қолдаулар осы салаға енеді. Халықаралық еңбек ұйымының жанынан 1927 жылы құрылған Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) осы бағытта әлемдік деңгейде жұмыс істейді. Штаб-пәтері Женевада орналасқан ұйымға бүгінде әлемнің 320-дан аса әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы мен мемлекеттік органы мүше. Биыл 23 қаңтарда ХӘҚҚ президенті Йоахим Бройер Қазақстанға жұмыс сапарымен келмек. Елімізбен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, мүмкіндіктерді қарастыруды көздеген қауымдастық басшысын алдын ала әңгімеге тартқан болатынбыз.
Экономика • 22 Қаңтар, 2020
«ҚазАгро» сыртқы қарызын толық өтеді
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржы институттары арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр «ҚазАгро» холдингі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін 477 млрд-тан астам теңгеге қаржыландырды.
Экономика • 22 Қаңтар, 2020
Ендігі арада ауыл шаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы керек. Мемлекет басшылығы жүктеп отырған міндет – осы. Қалай, қайтіп?.. Ең алдымен, төрт түлік малдың тұқымын асылдандыру парыз. Соңғы жылдары тұқымы азып кеткен жергілікті малдың жілігі татымайтыны ақиқат. Қара малдың ішінде оңдысы да, қоңдысы да қазақтың төл малы – ақбас сиыр.