Тағзым • 18 Қаңтар, 2024
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде әннің алар орны ерекше. Ғасырларды аттап, байтақ даламыздың төрт бұрышына тегіс таралып, «бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғанына» қарамастан, белгілі авторлардың есімдері уақытпен бірге көмескі тартып, соңында қалған бай мұра халық қазынасына айнала береді. Әлдеқандай себеппен авторы ұмыт болып, иесінен ажырап қалған әндерді ырғағына, құрылымына, қолтаңбасына қарай анықтап, шығарманы шырғалаңнан құтқарып, ғылыми айналымға енгізгендердің басында ұлы Ахмет Жұбанов тұр. Сонымен бірге өткен ғасырлардағы көрнекті әншілер мен композиторлардың музыкалық мұрасын зерттеушілердің арасында Ахмет Қуанұлының талантты шәкірттерінің бірі, өнертану ғылымдарының кандидаты Зейнұр Қоспақовтың да есімі бәрінен гөрі биігірек аталады.
Өнер • 18 Қаңтар, 2024
Жыл басынан бері әлемдік театр қауымдастығы біртуар хореограф Ролан Петидің 100 жылдығын тойлауды бастап кетті. Атаулы мерейтойға орай әлемнің барлық театры өз сахналарында классиктің қойылымдарын ұсынуда. «Астана Опера» театры да бұл мәдени оқиғадан қалыс қалмай, 18-19 қаңтарда Ролан Петидің хореографиясындағы француз композиторы Л.Делибтің «Коппелия» комедиялық балетін қойып, ұлы тұлғаның есіміне құрмет көрсетеді.
Әскер • 18 Қаңтар, 2024
Жақында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде «Сарбаз дауысы» байқауы өтті. Әскерге бір ай бұрын келген мерзімді әскери қызметшілер арасындағы сайыс тартысты болды.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Айбын • 18 Қаңтар, 2024
Әскери өмірдің айнасына айналған айбынды тұлға Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына биыл 100 жыл. Ел тарихында есімі алтын әріппен қашалған қайраткер тәуелсіз Отанымыздың тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, ел тыныштығын күзетіп сапта тұрған сан мың сарбаздың үлгі тұтар тұлғасы.