Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022
КСРО дәуірі жақсы болса да, жаман болса да біздің кешегі тарихымыз. Оны көзі көрген Қазақстанның орта және аға буын тұрғындары осы күнге дейін арамызда жүр. Олай болса, мазмұндық яғни сана-cезім тұрғысында, кеңестік идеология мен оны «аңсау» ниетінен арылу және тәуелсіздікті шартсыз құндылық деп мойындау құбылысының қосарланып отыру мүмкіндігін де теріске шығару қиын.
Экономика • 20 Қаңтар, 2022
Несие пайызын қалай шектейміз?
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін тұрмысы төмен тұрғындардың несие алу мүмкіндігін шектеу емес, несие пайызын шектеу мәселесі ойландыруы тиіс еді. Бірақ бұл жолы да олай болмай шықты. Қаржы секторындағы қос институт ішкі нарықтағы халықты несиелендіру жұмысын жүйелендіруге кірісіп кетті.
Экономика • 20 Қаңтар, 2022
18 қаңтар күні мұнай бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет барреліне 88 доллардан асып түсті. Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы шиеленіскен ахуал «қара алтынның» күрт қымбаттауына себеп болған. 19 қаңтарда баға 89 доллар межесін бағындырды. Осылайша, теңгенің де нығая түсіп, Қазақстан қор биржасында 1 доллардың 434,07 теңгеге сатылуына жол ашты. Мамандар бұл қымбаттаудың әлі басы ғана деп отыр.
Коронавирус • 20 Қаңтар, 2022
Коронавирус: Оқшаулану мерзімі қысқарады
Жұрттың жүзін жабырқатып, елдің еңсесін түсірген індет әлемді әбігерге салып тұр. Айғақты айдаладан емес, айналадан-ақ көруге болады. Себебі күн сайын күрк-күрк жөтелген жандардың саны күрт өсуде. Санитарлық талаптарға салақтық танытқандар сан соғып, көпшілік орындарға жиналмаңдар дегенді тыңдамағандардың көпшілігі денесіне дерт жұқтырып алды. Басы ауырып, балтыры сыздаса да, ыстығы көтеріліп, көкірегін көк жөтел қысса да, әлемді шарпыған індетке әлі де болса күмәнмен қарайтындар жетерлік.
Саясат • 20 Қаңтар, 2022
Әлеуметінің әлеуеті мықты Эстония
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтің әлеуетін жақсартып, халықтың қалтасын қалыңдатуды тапсырды. «Қаңтар қасіретінің» негізінен күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен кейбір мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі, нақты айтқанда, олқылығы салдарынан болғанына тоқталды. Қираған қаланы қалпына келтіру, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру қыруар шаруа екені түсінікті. Осы орайда, бізбен бір қатарда егемендігін алған мемлекеттер арасында бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен, әлемге үлгі елдер бар. Соның бірі – әлеуметінің әлеуетімен мақтанатын Эстония.