Экономика • 21 Қаңтар, 2020
Мал экспортына неге тыйым салынды?
Мемлекет басшылығы бекіткен межелі міндет бойынша ауыл шаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы керек. Сол үшін салаға салынған инвестиция жыл санап ұлғайып, алынатын өнім көлемі де артып келеді. Мал шаруашылығы өнімін молайтудың басым бағыттарының бірі – төрт түлік тұқымын асылдандыру. Осыған орай тек өткен жылдың өзінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға және өнімділікті арттыруға 115,7 млрд теңге қаржы бөлінді.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2020
Қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келеді
«Отандастар» қорының дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда Ресей Федерациясында 1 млн 310 мың қазақ тұрады. Солтүстіктегі көршіміздің оңтүстік шекарасындағы өңірлерінде қазақтар көптеп қоныстанған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген еді. Осы орайда, тілінің жоғалмауына жанын салып жүрген қандастарымызға Ресейде қолдау көрсетілгені көңіл қуантады. Соның бір айғағы болар, жақында Түмен облысында тағы бір қазақ сыныбы ашылды.
Медицина • 21 Қаңтар, 2020
Флюорографиялық тексеруден өту маңызды
Жуырда белгілі бір мекемеде қауіпсіздікке тексерілу мақсатында қойылған құрылғыдан аяғы ауыр қызметкер әйелді өтуге мәжбүрлеген күзет сақшыларының әрекеті қоғам тарапынан сынға ілікті. Әлбетте, дәрігерлер жүктілік мерзімінде сәулелену қаупі бар барлық құрылғылардан аулақ жүруге кеңес береді. Алайда бүгінде стратегиялық маңызы бар кейбір мекемелердің қызметкерлері арасында аталған мәселе оңтайлы шешімін таппай отырған сыңайлы.
Медицина • 21 Қаңтар, 2020
Капсулалық эндоскопия – жіңішке ішек ауруларын анықтаудың «алтын стандарты»
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 2014 жылдан бері жіңішке ішекті зерттеудің ерекше әдісін жүргізіп келеді. Институттың Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесі жіңішке ішекті зерттеудің ерекше әдісі болып табылатын бейнекапсулалық эндоскопия жасайды. Бұл – асқазан-ішек жолдары ағзаларын, жіңішке ішектің үш бөлігін: ұлтабар, ашішек және мықынішекке гастро және колоноскопия жасап, зерттеудің дәстүрлі әдісінде қол жеткізбейтін ішек маңайын көруге мүмкіндік беретін ең заманауи әдіс.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2020
Жетісу шенеуніктері жұртқа жақын ба?
Жемқорлыққа қарсы күресте жеңіске жетудің бір жол оның салдарын анықтау емес, себептеріне үңілу болса керек. Бұл адамның пара беруге, пара алуға және сыбайластыққа, тамыр-таныстыққа жүгінуге деген теріс көзқарасын түбірімен жоюға бастайтын ізгі әдетті қалыптастырмақ. Осы бағытта еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі айтуға тұрарлық жұмыс атқарып отыр.