Егемен Қазақстан • 29 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін», деп айтқан еді. Осы орайда қоғамды тұтастандырудың салмақты өзегі, ұлттық бірлік пен татулықтың айрықша арқауы – Наурыз мейрамын жаңаша сипатта атап өтудің жолын кеңесу мақсатында білікті мамандарды шақырдық. «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен бұл жиынға этнолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары Жұлдыз Сүлеймен, наурызтанушы Серік Ерғали, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі Ерлан Рысқали, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жетекшісі Жасұлан Наурызбайұлы қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Басқосуда мына мәселелер көтерілді: Наурызды қазіргі заман форматына сай қоғамның тұтастығы мен бірлігіне қызмет ететіндей ұйымдастырудың жолы қандай? Наурыз мейрамының мазмұнын салт-дәстүрді, елдік, этностық құндылықтарды насихаттаумен бірге немен толықтыруға болады? Наурызға қатысты өңірлік ерекшеліктерді біріздендіру, нормалау туралы пікіріңіз. Наурыз мейрамын еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің ынтымағына, берекесіне айналдырудың тетігі. Наурыздың мазмұны – «татулық мейрамы», осы үрдісті елдік дәстүр деңгейіне көтерудің маңызы. Кеңестік идеологияның Наурыз мейрамын шектеуінің астарында дербестік, демократиялық негізді көргені байқалады, ендеше бүгінгі санадағы түрлі қиындықты сауықтыруға, саламаттандыруға Наурыз құндылықтарын пайдаланудың жолы қайсы?
Еңбек • 29 Қаңтар, 2024
Іздене білгеннің ісі де өнімді
Кәсіптің көзін табу үшін алдымен адамда ынта болуы шарт. Әйтпесе, ісіңізге береке ұяламайды. Мәселен, Жетісуда бірі кір сабын өндіретін, бірі сүт өңдейтін қос цех ашылды. Бұған мұрындық болған – қарапайым ауыл тұрғындары. Қос өндіріс орнының иелері бала күнгі арманын жеке кәсіппен ұштастырған. Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде екеуі бүгінде ісін дөңгелетіп отыр.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Өзге де өңірлердегідей Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерлерге биыл 1 қаңтардан бастап «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес базалық зейнетақыны 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру көзделгеніне байланысты төлемдер ұлғайды.
Халық • 29 Қаңтар, 2024
Шешен азаматының имандылық өнегесі
Атбасар ауданында шешен азаматтары Хан Кене батырларының бірі Қарабай құрметіне мешіт тұрғызып берді. Ынтымақ ұйыған, ырыс құйылған ауылдың тіршілігінен жанашыр жұрттың ауызбірлігі, шүлеңгер азаматтардың шарапаты аңғарылып тұрады. Осындай үлгілі көрініске Атбасар ауданының Сергеевка ауылында куә болдық. Қанша уақыттан бері көптің тілеуінде жүрген жаңа мешіттің құрылысы бастамашыл азаматтардың араласуымен аяқталып, жыл басында ашылды.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Бас басылымның «Егеменге елден келді» айдарымен Казатком ауылы тұрғындарының шағымына байланысты «Ауыл ауыз су құбырын тартуға наразы»(№51, 2019 жыл) атты мақала шығып, онда суы бар елге тағы қосымша су желісі тартылып, орынсыз мемлекет ақшасының шашылуына саналы түрде жол берілгені атап көрсетілген еді. Топалаңнан өлген мал өлекселері көмілген аймақтан өткен жаңадан төселген су құбырлары қазіргі істеп тұрған өзіміздің суға жалғанбай, одан бері 5 жылдай тыныштық орнаған сияқты еді. Бірақ олай емес екен, біз ұмыта бастағанмен әкімдер ұмытпапты. Бұл мәселе облыстық «Алатау арайы» басылымының былтырғы №17 санында жарқ етіп қайта көтерілді.