Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қарашаның ортасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқали Медеуді қабылдап, еліміздегі су бассейндерінің қазіргі жағдайын толық зерттеп, дәйекті қорытынды жасауға тапсырма берді. Осы мәселе ірі өзен-көлдеріміздің су құрамы мен сапасын, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін терең талдаумен қатар, шөлді аймақтың тіршілігіне жан бітіріп отырған дала өзендерінің жағдайын да дәйекті түрде зерделеу қажеттігін күн тәртібіне қойды.
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды
Еуропалық одақ әр мүше-мемлекетте 80 жастан асқан адамдар мен қарттар үйінің қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызын, ал жазға қарай ересек тұрғындардың кем дегенде 70 пайызын коронавирусқа қарсы вакциналауды жоспарлап отыр.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Көп жағдайда айналамыздағы жандардың жеке өміріне қатысты ақпараттарға назар сала бермейміз. Өткен ғасырдың 80-жылдарында Алматы хайуанаттар бағында барыстың аланын бағып, аман алып қалған азамат Хусаин Бұрханов екенін әріптестері бүгінде зор ықыласпен еске алады.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қауіпті індет «құтыра» бастады
Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегімен «қызыл аймақта» «қонақтаған» өңірде қауіпті індеттің қаупі қайта күшейіп тұр. Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылғы 28 наурыздан биылғы 20 қаңтарға дейін коронавирус инфекциясының 15 186 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 4210 науқаста қауіпті вирустың симптомды түрі бар. Ал 10 976 науқас симптомсыз түріне шалдығып отыр.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2021
Фотография өнері ерте дамығанда, қаншама тарихи тұлғаларымыздың бет-бейнесі көз алдымызда сақталар еді?! Тарихи дейміз, үйіңізден арғы атаңыздың фотосын таппайсыз ғой. Ал әлеуеті көш ілгері елдерде бұл мамандық ерте қолға алынғандықтан тарихы да дәлелді.