Әлем • 22 Қаңтар, 2021

Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық одақ әр мүше-мем­лекетте 80 жастан асқан адам­дар мен қарттар үйінің қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызын, ал жазға қарай ересек тұрғындардың кем дегенде 70 пайызын коронавирусқа қарсы вакциналауды жоспарлап отыр.

Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды

Одақтың пандемияға қарсы вакцина қолдануға рұқсат бергеніне бір ай болды. Бай елдердің вакцинаға оңай қол жеткізуі және індетпен күрестегі басты үміттің барлығына бірдей берілмеуі көп сынға ұшырады. Соған байланысты Брюссель жаңа жоспар жасады.

Еуропалық одақтың комиссары Мар­гарита Шинастың айтуынша, пан­де­мия­ның соңы жақын болуы мүмкін, бірақ оған әлі толық қол жеткен жоқ. Вирустың жаңа штаммдарының пайда болуы мен аурулар санының  артуы әлемді әлі де алаңдатып отыр. Ол қазір Еуропа бұрынғыдан да батыл әрекет етуі, бірлік пен қырағылық таныту керек екенін баса айтты.

Бұл әрекеттердің барлығы туризм саласына иек артқан Еуропа елдерінің тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіруге жасаған әрекетімен байланысты. Мемлекет және үкімет басшылары бұл жоспарды тағы да талқылайды.

Еурокомиссия сондай-ақ вакцина салынғанын растайтын құжат енгізуді ұсынып отыр. Сонда ғана ЕО шекарасында еркін қозғалысқа рұқсат беруге болатынын меңзеген ұйым басшы­лығы бұл мәселені мүше елдердің басшы­ларының талқысына салмақшы.

 

Дайындаған

Рабиға НҰРҒАЛИ