Футбол • 16 Қаңтар, 2019
Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» сапында алғашқы ойынын өткізді
«Ростов» футбол командасы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Отандасымыз Бақтияр Зайнутдинов биылғы оқу-жаттығу жиынын «Ростов» құрамында өткізбек. Бақтияр ресми түрде 14 қаңтар күні келісім-шартқа қол қойды.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2019
ШҚО Риддер қаласында «Көшбасшы болғың келе ме?» атты шара өткізілді
Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінде «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық идеясының «Отаным-тағдырым» - «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» негізгі бағыттағы жобасын, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Көшбасшы болғың келе ме? Қалай екендігін менен сұра» атты шара өткізілді.
Алматыда сымбатты ескерткіш орнатылды
Қалың ойлардың құшағына қамалып жол жиегімен келе жатқанымызда шаһардағы Орталық музей маңынан өзгеше өрнектелген өнер туындысын кездестірдік. Кейін білгеніміздей, бұл жас суретшілер орталығының өнерлі жастарының қолынан шыққан Босаға өрнегі екен. Халқымыз қадір тұтқан киелі босағаның киесін бойымызға сіңіріп өскен біз үшін, бұл құндылықтың қасиеті құлжадай қадірлі еді.
Алматыда аудармашылар мен авторлар кездесті
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» өткізген кезекті жиын кеше Алматы қаласында жалғасын тапты. Бұл жоба Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі.
Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды
Астана уақыты бойынша сағат 6:15-те елордамызға Еуропадағы салтанатты гастролін тәмамдаған «Астана Опера» театрының балет труппасы оралды. Балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бастаған әртістерді таңсәріден театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров, шығармашылық ұжым, сонымен бірге асқақ өнерді бағалаушылар қарсы алды.