Шаруашылық • 16 Қаңтар, 2025
2024 жыл аймақ экономикасы үшін жемісті болды. Кейінгі 13 жылда болмаған рекордтық өнім алынды. 1 млн 300 мың тонна астық бастырылып, 409 мың тонна картоп жиналды. Қарағанды қамба толтырудан өңірлер арасында төртінші сатыға берік орнықты. Пайдаланылмаған 163 699 гектар жердің мемлекет меншігіне қайтып, 94 мың тонна өңделген өнімнің экспортталуы да – айтулы жетістік. Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 455 млрд теңгеге жетті.
Құқық • 16 Қаңтар, 2025
Жұмыскер құқын қорғайтын қадам
Әдетте ресми жұмыспен қамтуды кейбір жұмыс берушілер ұйымның таза кірісін төмендететін қосымша шығын ретінде қабылдайды. Тәжірибе мұндай жұмыс берушілердің еңбек қатынасында өз ережелерін орнататынын көрсетіп отыр. Сол тұрғыда елімізде енгізіліп жатқан Жосықсыз жұмыс берушілер тізілімі еңбекші мүддесін қорғаудың, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылауды күшейтудің, сала кодексін бұзу жайттарын жария етудің сенімді құралы болмақ.
Білім • 16 Қаңтар, 2025
Осы аптаның басынан қаңтар айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, бұл 10 ақпанға дейін жалғасады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.
Технология • 16 Қаңтар, 2025
Жасанды интеллект: алар еншіміз қандай?
Елімізде «Alem.AI» жасанды интеллект ұлттық орталығын құру бастамасы қолға алынды. Бұл – еліміздегі цифрлық экономиканы дамытудағы маңызды қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында аталған бастаманың стратегиялық маңызын атап өтіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берген еді.
Білім • 16 Қаңтар, 2025
Дарынды оқушыларға заманауи мектеп керек
Баяғы жартас, сол жартас. Өскеменнің қуыс көшесіндегі Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мәселесі сол күйі, бүгін-ертең шешіле қоймайтын секілді. Тозығы жеткен интернаттың оқушылары баяғыдай бөтелкеге су жылытып жуынады, қолайсыз асханада тамақтанады, тағысын тағы. Бұған қатысты пікір білдірген білім басқармасы өкілдері мәселе осы жылы шешіледі дескен.