Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Су астындағы тіршілікке де ауа керек. Ихтиолог мамандардың айтуынша, балықтар оттегі ерітіндісімен тыныс алады екен. Су құрамында оттегі азайып кетсе, балықтан да тәбет қашып, өсуі баяулайтын көрінеді. Тіпті жаппай қырылып қалуы да мүмкін.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Жаңа қоғамдық көліктер беріледі
Жақында Балқаш қаласына жаңа автобустар барады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары тозығы жеткен қоғамдық көліктермен қатынамайды.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Өскемендік жекпе-жек шеберлері
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Бекболат Сағиевтың отбасын «спортшылар жанұясы» деп атайды. Бекболат күрестен спорт шебері, кезінде республикалық, облыстық, халықаралық сайыстарда сан мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Ал оның ұлы Жасұлан да – спортты өзіне серік еткен, қоян-қолтық жекпе-жек шеберлерін баптап, түрлі жарыста жүлде теріп жүрген саңлақ.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Енді сырттан сұйық газ алмайды
Батыс Қазақстан облысы сұйытылған газға деген қажеттілігін жаба бастады. Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.
Көрме • 29 Қаңтар, 2024
Талдықорғандағы Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» кітап жәрмеңкесі басталды. Онда «Ziyat», «Атамұра», «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендерінің кітаптарын, жергілікті ақын-жазушылар еңбектерін сатылымға шығарылды. Сондай-ақ жиын аясында жазушы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.