Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Жас ұрпақты жан-жақты қолдау мақсатында елімізде 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған-ды. Жастар жылына орай дайындалған Жол картасында жастарды қолжетімді баспанамен, жұмыспен қамтамасыз ету, білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасын қолдау сияқты шаралар қарастырылған. Енді сол шаралардың орындалуына көз жіберіп көрелік.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020
Қайырымы мол қоғам қияға шығады
Ізгілік нұрының шапағаты жәрдемге мұқтаж жандарды қолтығынан періштедей демеп көтерсе, қоғамның келбеті де сәуірдің ақ таңындай ажарланып қалар еді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Қолым қысқа демейтін, қолтығынан демейтін адамдар арамызда аз емес... Солардың бірі — ақтөбелік Гауһар Жұмағазиеваны көпшілік Ұлттық волонтерлік желісінің өкілі, Ақтөбеде құрылған «Д.А.Р.» еріктілер клубының белсендісі ретінде таниды. Оны өткен жылдың соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі марапаттап, еңбегін мемлекеттік һәм республикалық деңгейде жоғары бағалаған-ды.
Руханият • 16 Қаңтар, 2020
Жыржыс қажы Қаржас еліне сіңіп, өсіп-өнген қожалар әулетінен. Жыржыс қажының ардақты есімі жадымызда өзінің мұсылмандық қасиетті парызын адал атқарып кеткен жерлесіміз ретінде сақталып қалды. Қажы атқарып кеткен ізгі істің негізгі мәні, оның Қарағанды мен Кереку өңірлерінің арасындағы тоғысқан жері Мәдрәсі қыстауында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ата қонысына жақын тұста мешіт ашып, медресе салдырғанында еді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Елдің ежелгі атауына қиянат қылмайық
Ертеден халықтың санасына сіңіп қалған тарихи атауы Шідерті ауылы туралы 2013 жылдан бастап даулы мәселе туып отыр. Бұл ауылдың басынан өткен жайға оралып өткім келеді. Қазіргі атауы – Зеленая роща. Басқа ұлттың өкілдерінен бірде-бір адам тұрмайтын ауылдың осылай аталуы неге деген заңды сұрақ туады. Столыпин реакциясы тұсында ішкі Ресейден үйсіз-күйсіз, еріксіз жер аударылып көшіп келген мұжықтар қазақтың малға, егінге жайлы жақсы қоныстарын тартып алды. Сол кезде колхоз басқармасы Ворошилов деген болған. Ауылға тал егіп, бақша салғандықтан олар Шідертіні Зеленая роща атап кеткен. Бұл атау ешбір құжатта көрсетілмеген.