Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Қоры арасында меморандумға қол қойылды. Осы құжаттың негізінде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 8 оңалту орталығы мен 16 қосымша инклюзивті қолдау кабинетін ашу көзделген.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2020
Отандық бизнес мұнай мен газ саласын өз қолына алуы керек
Былтыр елімізде 90 млн тоннадан астам мұнай өндірілді. Жылдық ІЖӨ-нің 17 пайызға жуығы осы саланың үлесінде. Отандық мұнай-газ секторының әлеуметтік һәм экономикалық маңызы зор тармағы – сервис саласы. Онда қызмет атқаратын адам саны да көп, түсетін салық та комақты. Қазақстан мұнай-сервистік компаниялары қауымдастығының басшысы Рашид Жақсылықовпен салаға қатысты әңгімелескен едік.
Руханият • 16 Қаңтар, 2020
Түркі әлемінің рухани қазынасы
«Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» «Торқалы тойдың тағылымы». Бұл тақырыптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында тарихта ең күрделі жолдарды басып өтіп, небір тарихи оқиғаларды бастан өткерген әрі куәсі болған, қазақ ұлтының бүгінгісін, келешек мүддесін, тілегін, үмітін мемлекеттің өсіп-өнуінде, қазақ ұлтының әлем елдерінің ішінде өзінің лайықты орнын алуында зор рухани тірек болған ұлы ойшыл Абай атамыздың 175 жылдық мерекесіне байланысты қозғалып отыр. Тағы кеңірек тәпсірлегенде, түркі әлемі кеңістігінде де мақалада айтылған үлкен мәселелер өзгеше өзекті, тарихи маңызды екендігін айтқым келеді.
Президент • 16 Қаңтар, 2020
Жастар ел дамуының жаңа кезеңіне дайын болуы тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жас та болса бас бола білетін азаматтар Президенттік кадр резервіне іріктелді. Кеше Президент електен өтіп резервке енген, алдағы уақытта ел ісіне араласатын 300 жасты Ақордаға арнайы шақырып, жүзбе-жүз кездесті, ой-пікір алмасты.
Әлем • 15 Қаңтар, 2020
Ресей Федерациясының Үкіметі отставкаға кетеді
Ресей Федерациясының Үкіметі толық құрамда отставкаға кетеді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».