Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Мүгедектерге қолдау көрсетеді

689 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Қоры арасында мемо­рандумға қол қойылды. Осы құжаттың негізінде сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 8 оңалту орталығы мен 16 қосымша инклюзивті қолдау кабинетін ашу көзделген.

Мүгедектерге қолдау көрсетеді

«Самұрық-Қазына» ҰӘК» АҚ Басқарма төрағасы Ах­мет­­жан Есімовтің айтуынша, қор соң­­ғы жылдары Қазақ­стан­да­ғы қайы­рымдылық бағдар­лама­ларының ең ірі донорына айнал­ды. Атап айтқанда, оның қайы­рым­дылық мақсатқа бөлген қара­жатының көлемі соңғы 5 жылда 60 миллиард теңгеден асып, ұзын саны 1 миллионнан астам адамды қамтыды.

– Меморандум аясында бір­қатар әлеуметтік жобаларды жү­зеге асыру жоспарлануда. Тұң­­ғыш Президент – Елбасының бас­тамасы «Қамқорлық» бағдар­ламасы іске қосылады. Осындай бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы «Самұрық-Қазына» қоры ауыр жағдайға тап болған адамдардың мәселелерін шешуге елеулі үлесін қосатынына сенімдімін, – деді А.Есімов.

Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы «Қамқорлық» бағдарламасы бизнестің, мемлекеттің және үкі­мет­тік емес ұйымдардың үш­жақ­ты ынтымақтастығының жар­қын үлгісі екенін айтты. Бұл бағ­дар­лама сал ауруына душар болған балаларды оңалту, инклю­зивті қолдау кабинеттері мен материалдық-техникалық жаб­дықтау бағыттары бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуді қарастырады.

Тұңғыш Президент Қоры 171 ма­манды оқытып, аталған орта­лық­тарды ашу үшін 49 арнайы м­аман­ның біліктілігін арттырмақ. Жер­­гілікті атқарушы органдар тиіс­ті үй-жай дайындайды. Жаңа оңал­ту орталықтары мен инклю­зив­­ті қолдау кабинеттері аурухана­лар, ем­ханалар және жалпы білім бе­ре­­тін мектептер базасында ашылады.

– Біздің жұмыс тобымыз бар­лық аймақты аралап, оңалту орт­а­лықтары мен инклюзивті каби­неттер орналасатын елді ме­кендерді анықтады. Олар 8 облыста жұмыс істеп тұрған ауруханалар, емханалар және жалпы білім беретін мектептер базасында ашылады. Алғашқы кезеңге қажетті мамандар, жабдықтар тізі­мі анықталды. Мамандарды даяр­­­лау және қайта даярлау бағ­дар­­­ла­малары әзірленді. Елбасы алдымызға осы жылы оңал­­­ту ор­талықтарын ашу мінде­тін қой­ды. Әрине бұл үлкен жұ­мыс, – деді Қазақстанның Тұң­­ғыш Пре­зиденті – Елбасы Қоры­­ның ат­қарушы директоры Ә.Исекешев.

Ә.Исекешев бұл істе қолдау білдірген «Самұрық-Қазына» компаниясына алғысын білдіріп, ерекше қажеттіліктері бар балалар алдағы уақытта да назардан тыс қалмайтынын айтты.