Қоғам • 15 Қаңтар, 2020
Дәстүрлі өнерді дәріптей білейік
Осы мақаланы жазуыма түрткі болған «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газетінің былтырғы сандарының бірінде жарияланған «Домбыраны дәріптеген дұрыс» тақырыбындағы мақала еді. Көптен көкейімде жүрген ойлардың үстінен дөп түскендей болды. Ұлттық құндылықтарымызға бейжай қарай алмайтын азамат ретінде қазіргі таңдағы ұлттық арналарда домбыра үнінің сирек естілуі мені қатты толғандырады. Сөзбен жеткізе алмағанды домбыраның үнімен жеткізе білген дана халқымыздың ұлттық мұрасына қолдау көрсету, жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың парызы деп білемін.
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Облыс орталығында ашылған мультимедиялық музейде real-book кітабы, ақпараттық touch-панелі, заманауи инсталляциялар қарастырылған. Яғни, керек ақпаратыңызды үлкен экраннан көре аласыз. Онда геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, өңірдің палеозой заманынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы жинақталған.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020
Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қазақтың қолөнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қиялының шексіздігін қолының ісмерлігі-ұсынақтылығымен көркем өнерге айналдырып, тұрмыстық қажеттілікке тұтынатын мүлік әзірлеу – бабадан жалғасқан асыл өнер. Қарасаң көздің жауын алатын, тұтынсаң қажетіңді өтейтін бұйымдардың бірі – құрақ көрпе. Ол, біріншіден – өнер, екіншіден – тұрмыстық бұйым, үшіншіден – ертеректе мата-материал қат кезде қолданылған маталардың қиындылары рәсуа болмасын деген оймен оны да пайдаға жарату ойынан туған, яғни ысырапшылдыққа жол бермеудің керемет әдісі.
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Қостанай облысына қарасты Өлеңді елді мекені – Науырзым қорығының бір пұшпағында жатқан шағын ауыл. Кезінде «Сосновский» кеңшары деп аталған. Бірақ қайысып жатқан қалың қарағайы жоқ. Көне көздердің айтуынша, 1962 жылы кеңшар іргесі қаланып жатқанда облыс орталығынан шыққан бір басшы жолай өсіп тұрған жалғыз қарағайдың түбіне тоқтап, тыныс алған. Содан кеңшар «Сосновский» аталып кеткен.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2020
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абайдың 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқуға арналған әдеби марафон басталды.