Қоғам • 15 Қаңтар, 2020
Кривогуздан Қасымның десі басым
Бұл күнде көше немесе елді мекен атауларын өзгерту өткірдің жүзіндей қылпылдап-ақ тұрған шаруа болды. Былай жүрсең өгіз өліп, былай тартсаң арбаң сынатындай көрінгенмен, бұл шаруаны бәрібір де біржақты етпеске болмайды. Мән-мағынасы ұлттық мүдде көзқарасымен мүлде қабыспайтын кератаулардан құтылатын кез де әлдеқашан жеткен. Иә, аз-маз қаражаттың шеті кертілуі мүмкін. Бірақ одан қазына ортайып қалмас. Бұл жердегі мәселе ұлттық сананың намыс отынан қуат алып, рух еркіндігінің ұшар биігіне көтерілуінде жатса керек.
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Жаңа жыл Таяу Шығыстағы жан түршігерлік шиеленісті әскери оқиғалармен басталды. Зымыраған уақыт көшінде тағы да адам өмірін жойғыш зымырандар алға шықты. Алғашқы зымыран (АҚШ) Иранның әскери қайраткері генерал Касем Сулейманидің өмірін қиды. Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды деген дабылдың қағылғаны тектен-тек емес еді, күллі Иран елі даңқты генералының кегін қайтару үшін атқа қонған.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2020
Заңсыз сатылған жер, зар жылаған ел...
Алматы қаласының маңындағы аудандардың аумағында жеке тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Бұл үрдіс жер телімдерінің саудасын қыздырып, жобаланбаған құрылыс нысандарының көбеюіне де жол ашуда. Нәтижесінде, сатып алынған жер телімдері мен бой көтерген баспанаға қатысты дау-дамай көбейіп отыр.
Тарих • 15 Қаңтар, 2020
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Өткен жылдың күзінде Ақтауға барғанбыз. Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға. Соның алдында ғана қаламгердің ойшылдығы туралы толғаныстардан құралған «Абыз Әбіш» деген кітабым жарық көрген болатын. Қомақты дүние. 560 бет. Сапалы қағазға басылған. Фотолары бар. Әлгі қалың кітапты қолтаңбамен сыйлағанда айтулы аудармашы Ғосман Төлеғұл: «О, мынау үлкен еңбек екен ғой өзі» деп қалды. «Ғосеке, сіз бұл кітапқа бірден аудармашының көзімен қарадыңыз ғой. Мұныңыз маған ұнайды», деп жатырмын. Әзілдеп келтіргенмен, ойымды да айтып едім.