Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
Қазақстандық бітімгерлер - Үндістанда
Үндістан елінің өкілдерімен бірлескен «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясын орындау бойынша әскери қызметшілерді даярлау басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Қазақ хандығының 555 жылдығына арналды
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №20 мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай «Қазақ хандығы – Ата жол тарихы» атты тарихи оқулар өткізілді.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
Мұхтар Тілеуберді Хайко Мааспен кездесті
Берлинге жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ГФР Федералдық Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен өткен жылғы желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша «сағаттарды теңістеру» үшін кездесті. Тараптар, сондай-ақ алдағы кездесулер мен жоғары деңгейдегі сапарлардың күнтізбелік жоспарын талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және қаржылық тәртіп мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты хатшы С. Нұрлыбайдың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер, комитеттер, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қаржылық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.