Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Іргесі енді қаланған Жетісу облысында еңбек дауы ел ішінде келіспеушіліктің бір түйткілі болып отыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік инвесторлар мен жергілікті халық арасында туындаған келеңсіздіктер көбіне жерлестеріміздің жайын күйттегенімен, еңбек қатынасына едәуір сенімсіздік ұялатты. Оған дәлел Алматы – Өскемен – Қалбатау бағытындағы автобанды салу кезіндегі жағдай, Кербұлақ ауданындағы «Alacem» ЖШС-ның цемент зауытындағы дау-шарғылар. Одан бөлек қаншама мәселе етектен тартуда.
Үкімет • 12 Қаңтар, 2023
Премьер-министрдің баспасөз мәслихаты
Кеше өткен Үкімет отырысынан кейін Премьер-министр Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл – Ә.Смайыловтың осы қызметте журналистер алдына бірінші рет шығуы.
Саясат • 12 Қаңтар, 2023
Сұйытылған газ бағасы реттеле ме?
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында сұйытылған газ айналымын реттеуге қатысты құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Сонымен қатар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Астықты өңірде ұн өнімдерінің біршама қымбаттап кеткені әрі тапшы бола бастағаны туралы өткен жылдың соңында ел газеті «Egemen»-де мәселе көтеріп жазған болатынбыз. Жаңа жылдан кейін облыс орталығында сонау 1952 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Көкшетау нан зауыты» кәсіпорны өз жұмысын тоқтатты.
Қаржы • 12 Қаңтар, 2023
Теңгелей депозитке өтінім беру мерзімі ұзарды Қазақстанда теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыз мөлшерінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтініш беру мерзімі ұзартылды. Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойылды және ол ресми түрде алғаш жарияланған күннен кейін 10 күн өткен өткен соң күшіне енеді. Құжатқа сәйкес банктер салымшылардан өтініштерді 2023 жылдың 10 ақпанына дейін алуды жалғастырады. Осылайша, бұған дейін өтініш беріп үлгермеген депозиторлар өтемақы алу бойынша келісімін растау мүмкіндігіне ие.