Сұхбат • 12 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр автожолдардың ахуалына қатысты сын айтып, «Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс» деп тапсырма берген болатын. Жол жыры жыл сайынғы Жолдаулардан да тыс қалып жатқан жоқ. Президент ескертпесі салаға деген көзқарасты қырағыландырған тәрізді. Белгілі ғалым Бағдат Телтаев Мемлекет басшысының сынынан кейін «Жол сапасын көтеру үшін ғылым керек» деген талап алға шыққанын айтады. Осы орайда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына 15 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан және ТМД елдерінің құрметті жолшысына жол ғылымының бүгінгі өрісі туралы бірер сұрақ қойған едік.
Руханият • 12 Қаңтар, 2022
Бұрынғы бабаларымыздан қалған «Бірлік болмаған жерде – тірлік болмайды» немесе «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейтін ескі сөз бар. Бұл атүсті айтыла салған дүние емес. Сонау шыңырау жылдарды артқа тастап, ғасырлар қойнауынан шыңдалып, уақыт бедерінен сұрыпталып, халқымыздың санасына терең сіңіп, бұлжымас ақиқатқа айналған ұғым. Өйткені береке мен бірлік бұзылса ұлыстың іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалады. Бұны бұрынғы қазақ атамыз жақсы білген. Сол себепті, қоғамның қабырғасы қақырамай, түтіні түзу ұшу үшін береке мен бірлік аса қажет екенін ежелден білген. Осы жолда басын бәйгеге тіккен.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Коммуналдық қызметте іркіліс жоқ
Келеңсіздік кезінде Алматының инфрақұрылымы айтарлықтай зардап шекті. Оқиға ошағында бағдаршамдар мен бақылау камералары қиратылып, қала берді, жаяу жүргіншілерге арналған тас төсемдерге дейін талқандалды. Бүгінде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтер штаттық режімде жұмыс істеуде.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Қала қақпаларына қойылған блок-бекеттер әлі де көліктер мен жеке тұлғаларды қалт жібермей қадағалап тұр. Бұл іске әртүрлі күштік құрылымдардың жүздеген өкілі жұмылдырылған.
Сұхбат • 12 Қаңтар, 2022
Қару-жарақ дүкендері қалай тоналды?
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде содырлар мен бұзақылар қару-жарақ дүкендерін қиратып, түгін қоймай тонады. Басбұзарлар ғимаратқа қалай басып кірді? Қауіпсіздік қызметі қалай әрекет етті? Осы және өзге де сұрақтарға «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов жауап берді.