Білім • 28 Қаңтар, 2022
Білім сапасын көтеру жайы пысықталды
2022 жылы қазақстандықтардың сапалы білім алуға қолжетімділігі артады. Бұған жаңадан 200 мектеп салу арқылы оқушылар орнының көбеюі ықпал етеді. Балабақшалар тексеруден өтеді. Мектептерде математика пәні топтарға бөліп оқытылады. Колледждерде кәсіпорындармен бірлесіп білім беру жүйесі күшейтіледі. «Болашақ» бағдарламасы қайта қарастырылады. 2 мыңнан астам ғалымға алған гранттарына қарамастан тұрақты жалақы төленеді. Осы және өзге де өзгерістер туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында айтылды.
Экономика • 27 Қаңтар, 2022
Әлем экономикасы биыл қалай құбылады?
Халықаралық валюта қоры жаңартылған World Economic Outlook макроесебін жариялап, жаһандық қаржы және экономика нарығының жайы туралы құнды деректерді жария етті. Әдепкі болжамдары аса жайлы емес. ХВҚ-ның хабарлауынша, жаһандық өсім 2021 жылғы 5,9-дан 2022 жылы 4,4 пайызға, ал 2023 жылы 3,8 пайызға дейін төмендейді.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Идеологиялық иммунитет неге төмен?
Қаңтар оқиғасы қазақ қоғамында тұншығып жатқан біраз мәселенің бетін ашты. Жемқорлық, жұмыссыздық, сапасыз білім, діни адасу, сөз бостандығы, әскердің қауқарсыздығы, әлеуметтік теңсіздік секілді өзге де мәселелер бір сәтте су бетіне қалқып шығып, көңілімізді басып тастағаны рас.
Пікір • 27 Қаңтар, 2022
Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдердің жалақысы туралы жиі жазыла бастады. Қазірдің өзінде бірнеше әкімнің еңбекақысына қанша алатыны белгілі. Мәселен, бұған дейін Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Түркістан секілді бірнеше облыстың әкімдері жалақысының көлемі жарияланды.
Спорт • 27 Қаңтар, 2022
Осыдан 55 жыл бұрын, яғни 1967 жылдың қаңтарында Болгарияның Кырджали өңірінде Наум Шаламанов есімді нәресте дүниеге келді. Уақыт оза ол өз дәуірінің теңдессіз спортшыларының бірі әрі бірегейіне айналды.