Әдебиет • 09 Қаңтар, 2023
Заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің «Ардақ» атты әңгімесінде: «Қожа шешесінің қабірін жалғыз қазды. Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен. Жаңа ғана көмілген жас қабірдің басында үшеу тұр: Қожа, әйелі және төрт-бес жасар Ардақ. Өлі-тірінің не екенін парықтауға жетпеген сәби, жаңа ғана ұйқтап жатқан әжесінің, анау топырақтың астында көміліп қалғанын байыптай алмай аң-таң. Бала тілімен балдырлап, қайта-қайта қабірді ымдап көрсете береді. Қожаның ойы алай-дүлей. Ол шешесімен ұзақ бақылдасып, ағыл-тегіл сырласқысы, әрі қарай тіршілік кешудің жөн-жосығын сұрағысы келді-ақ. Ананың асылдығы тірі кезінде білінбейді екен. Кімнің болсын, көзі тірісінде қадірі болмайды ғой», деген көкіректі ашытар сөйлемдер бар.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай және шектеу шараларын енгізу қағидалары туралы түсініктеме берді. Оның мәліметінше, еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Білім • 09 Қаңтар, 2023
Жуырда Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электротехниканың теориялық негіздері», «Жылу техникасының теориялық негіздері» және физика-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды.
Өнер • 09 Қаңтар, 2023
Астанадағы Ұлттық музейде Қазақстан және Еуразиялық Суретшілер одақтарының, сондай-ақ Халықаралық заманауи өнер академиясының мүшесі, «Таңшолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының президенті Жәмилә Такеннің «Қаңбақ» атты көрмесі өтіп жатыр.
Руханият • 09 Қаңтар, 2023
Заманында ең танымал дін қайраткерлерінің бірі, Орал облысының қазиы атанған Қайырша Ахметжанов бүгінде мүлдем ұмытылған деуге болады. 1917 жылы Орал қазақтарының сиезін ұйымдастырушылардың бірі, бүкілресейлік мұсылмандар сиезінің, Орынборда өткен жалпықазақ сиездерінің делегаты, Күнбатыс Алашорда үкіметінің діни көсемдерінің бірі Қайырша хазіреттің сүрген жылдары, ғұмырының соңғы кезеңі белгісіз, ақтаңдақ...