Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Тарбағатайда дәрілік шөптер көп
Әрине, Тарбағатай тауының флорасы өте бай. Алайда «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы мен өсімдіктер әлемін зерттеу ХХ ғасырдың ортасында жүргізіліп, бірнеше шағын экспедициялар ғана ұйымдастырылды. Сондықтан бұл өңірде нақты дәрілік өсімдіктердің қанша түрі бар екені анықталмаған. Белгілісі, бұл өлкеде кездесетін 1640 түрлі өсімдік 504 туысқа, 84 тұқымдасқа жатады. Өсімдіктердің 169 эндемиялық түрі бар. Жалпы 1640 өсімдіктің 35 түрі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Електің соры – алты валентті хром
Ақтөбе қаласының тұсынан шымырлап ағып жататын Елек өзенінің сұлу келбетіне, жағасындағы жапырақтары самал желмен сыбдыр қағып тұратын зәулім бәйтеректеріне селсоқ қарайтындар кемде-кем. Суының мөлдірлігі сондай, өзенде айқұш-ұйқыш жүзіп жүрген майшабақтарға дейін айқын көрінеді. Әйтсе де бұл сыртқы алдамшы көрініс екенін екінің бірі біле бермейді. Шынтуайтында, өзеннің бүгінгі экологиялық жағдайы өте ауыр.
Руханият • 29 Қаңтар, 2020
Ардагерлеріміздің ерлігі ел сүйіспеншілігіне әбден лайық
«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...» (Қасым Аманжолов). Иә, ақын жырлағандай, күркіреп өткен, қаншама адамды шалғындай жапырып, дүниені астаң-кестең еткен, бес жыл бойы, дәлірегі 1418 күн, 1418 түн талайды қар жастандырып, мұз төсендірген сұрапыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл – 75 жыл. Екінші жаһандық соғыста бақилық болған ардагерлерімізге тағзым етіп, оларды әрдайым естен шығармау, ал арамызда жүргендеріне барынша жағдай жасау барша қазақстандықтың айнымас парызына айналған... Осы орайда бүгін біз «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаевпен әңгімелескен едік.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Отанымның бір кірпіші болып қалансам арманым жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметке кірісер алдындағы ұлықтау рәсімінде елімізді дамытуда жастар әлеуетінің ерекше екенін айтып, «Президенттік жастар кадрлық резервін» жасақтау мәселесін алғаш көтерген болатын. 27 тамызда Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы Президент Жарлығы шығып, ұлттық комиссия құрылды. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Жастар жылына арналған ең маңызды айрықша бастама болды. Жалпы Президенттік жастар кадр резервіне енуге арналған байқау 6 кезеңнен тұрды.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Мұның соңы шетелден келген қонақтардың елімізге деген сеніміне селкеу түсіретінін көріп жүрміз. Неге дейсіз ғой. Тарқатып айтайық.