Білім • 27 Қаңтар, 2022
Білім сапасын арттыруға арналды
Білім саласындағы аса маңызды міндеттің бірі – ауыл мектептерінің сапасын көтеру. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назарда ұстап отыр. Осы орайда өткен жылдың соңында Дүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің (WCCES) журналында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайыновтың «Оқушылардың білім сапасын арттырудағы ішкі резервтің рөлі» атты мақаласы жарияланғанын атап өту керек.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Белгілі ғалым Сағат Жүнісбековтің жолы жастарға үлгі. Ғылымға ден қойған жанның болмыс-бітімі де ерекше болады. Оның жандүниесінің тереңдігі, кең ойлап, қысқа қайыратыны, сабыр мен төзімділігі, еңбекқорлығы бәрі-бәрі – ғылым жолын таңдаған адамға керек қасиеттер. Бұл оған өмір жолындағы қиындықтарды жеңуге көмектесті, көздегеніне жеткізді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Механика және машина жасау» кафедрасының профессоры Сағат Жүнісбеков жайшылықта ғылымда қол жеткізген табыстары туралы айта бермейді.
Білім • 27 Қаңтар, 2022
Эндаумент қоры университет пен мектептер жүйесін қаржыландырады
Назарбаев Университеті құрылған сәтінен бастап ғылым, білім мен инновацияларды біріктіретін және халықаралық практикаларға негізделген, ТМД-дағы зерттеу университетінің жаңа бағдары мен моделіне айналды. Университет қызметінің негізгі қағидаттары – меритократия және академиялық адалдық. Университет Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім беруді, мысалы, «Болашақ» бағдарламасымен салыстырғанда арзанырақ бағамен ұсынады, сондай-ақ жаңа білімді институционалдық деңгейде сырттан импорттамай, ел ішінде қалыптастырады.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2022
Жаңа Қазақстан құру – тәуелсіздікті нығайту кепілі
Президент «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде халықты қырғыннан аман алып қалу мақсатында батыл қадам жасады. Егер теріс пиғылдағылардың жалпақ жұрт куә болған қанқұйлы әрекеттеріне қарсы шұғыл түрде қатал шара қолданбағанда, дәл бүгінгі таңда ел ішін бүлік билеп, бейкүнә бейбіт тұрғындар зардап шегіп, тәуелсіздігіміздің іргесі шайқалатыны сөзсіз еді.
Әлем • 27 Қаңтар, 2022
Вакцина алғандар тізімі сатылып жатыр
Ресейде вакцина алған азаматтар туралы мәліметтер базасы сатылымға шығарылды. Үкімет тексеру жұмыстарын бастады. Шенеуніктер базада жеке мәліметтер жоқ дейді.