Білім • 27 Қаңтар, 2022

Эндаумент қоры университет пен мектептер жүйесін қаржыландырады

445 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Назарбаев Университеті құрылған сәтінен бастап ғылым, білім мен инновацияларды біріктіретін және халықаралық практикаларға негізделген, ТМД-дағы зерттеу университетінің жаңа бағдары мен моделіне айналды. Университет қызметінің негізгі қағидаттары – меритократия және академиялық адалдық. Университет Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім беруді, мысалы, «Болашақ» бағдарламасымен салыстырғанда арзанырақ бағамен ұсынады, сондай-ақ жаңа білімді институционалдық деңгейде сырттан импорттамай, ел ішінде қалыптастырады.

Эндаумент қоры  университет пен мектептер жүйесін қаржыландырады

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Бүгінгі таңда университетте Қазақстанның барлық өңірінен келген және әртүрлі әлеуметтік топтардан құралған 6500-ден астам студент білім алуда. Олар­дың басым бөлігі – STEMM (ғылым, технологиялар, инженерия, математика және медицина) ба­ғыты бойынша, ал екіншісі әлеу­меттік және гуманитарлық ғы­лымдар бойынша оқып жатыр. Студенттердің 97 пайызы тегін оқиды.

Білім алу мен дағдыларды және ағылшын тілін жетік мең­геру ЖОО түлектеріне қазақ­­стандық және халықаралық на­рық­та табысты бәсекелесуге мүм­кіндік береді. Жыл сайын олардың 60 пайызға жуығы «үлкен төрттік», BI Group компанияларына, ірі банктерге, ЖОО-лар мен мектептерге жұ­мысқа шақыру алады. На­рық­та университеттің және оның инновациялық кластерінің тү­лек­тері құрған жаңа компания­лар пайда болуда. Айталық, роботтар мен ғылымды қажетсінетін күрделі АТ-өнімдерін жасау бо­йынша Cleverest Technologies, ауыл оқушыларына ағылшын тілін үйрету бойынша Hello all, мүмкіндіктері шектеулі адам­дар жұмыс істейтін Kunde әлеу­меттік дәмханасын мысалға кел­­тіруге болады. Соңғы 5 жыл ішін­де НУ стартаптарын қолдау бағ­дарламалары 160-тан астам жо­баны ұсынды және 1 млн доллардан астам инвестиция тартты. НУ түлектерінің 35 пайызы жыл сайын Кембридж, Гарвард сияқты жоғары оқу орындарында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуын жалғастыруда, олардың көпшілігі стипендия алады.

Жоғары сапалы академиялық бағдарламалардан бөлек НУ-дың тағы бір басымдығы – ғылыми зерттеулер жүргізу. Университет студенттері мен профессорлары жарияланымдарының саны 5600-ден асты. Ғылыми зерттеулердің сапасы (дәйексөз индексі) бойын­ша НУ Ломоносов атын­дағы ММУ-дан асып түсіп, Токио университетімен теңесті, ТМД-дағы үздік ондыққа кірді. Бүгінгі таңда НУ оқытушыларының жал­пы санының 30 пайызға жуы­ғы – қазақстандықтар. Стэн­форд университетінің соңғы зерттеулеріне сәйкес НУ-дың 8 про­фессоры әлемнің ықпалды ғалым­дарының 2 пайызын құ­рай­ды. НУ қызметкерлері мен Жоғары білім беру мекте­бі­нің түлектері жоғары білім беру жү­йе­сін реформалауға көмек­тесу мақ­сатында жетекші қазақ­стандық жоғары оқу орында­ры­на басшы лауазымдарға та­ғайындалды.

НУ-дың зерттеу жүргізетін ба­сым бағыттары – жасанды ин­­тел­лект, роботтехника және био­­медицина. Университет ға­­лым­дары әлемге ме­ди­ци­­­на­лық экзо­қаңқа, адам сүйектерінің про­тотипі, литий-иондық батарея­лар, Қазақстан үшін COVID-19 таралуының стохастикалық си­му­ляторы және т.б. жобалар ұсынды. Мұндай ғылыми жа­ңа­лықтар мен аталған бағыт­тар­ды зерттеу қомақты қар­жылық инвестицияны қажет ете­ді. Бұл құрал-жабдықтарды са­­тып алуды, зертханаларды жаб­дықтауды, бірлескен халық­аралық зерттеулерді қамтиды. Әдетте, әлемде ең табысты университеттер мен мектептерді қар­жыландыру үшін эндаумент (ағылшын тілінен endowment – қайырмалдық) қорлары құры­ла­ды. Эндаумент капиталы жи­нақталып, инвестициялануы керек, ал инвестициялық кі­ріс өз кезегінде университеттер мен мектептердің қажет­тілік­теріне үздіксіз қаржылық қол­д­ау көрсетуге тиіс. Мысалы, Гарвард, Стэнфорд, Йель сияқты америкалық университеттердің бюджеті 24-40 пайызға эндау­мент түсімдері есебінен қа­лып­тасады. Әлемдік универ­ситет­тердің тәжірибесіне сүйе­не оты­рып, 2010 жылы Назар­баев қоры (НҚ) құрылды. Бұл мем­ле­­кеттік қаржыландыру қыс­қарған жағдайда НУ мен НЗМ-нің қызметіне демеушілік көмек көрсетеді.

Жақында бірқатар БАҚ атал­­­ған қор оқу орындарына тиесі­лі емес деген ақпарат таратты. Осыған байланысты қор төрағасы, НУ Атқа­рушы кеңесінің экс-төрағасы Аслан Сәрінжіпов Жарғыға сәйкес бұл қордың Назарбаев Уни­вер­ситеті мен Назарбаев зият­керлік мектептерін ғана қар­жы­ландыратынын хабарлады. Қор жыл сайын осы оқу орын­дарының ғылыми-зерттеу қыз­ме­тін қолдау үшін кемінде 10 млн доллар бөледі. «Басқа жеке тұлғалар ешқандай кіріс ала алмайды және бұл коммерциялық емес ұйым ретіндегі қордың Жарғысында жазылған, ал НҚ есептілігін жыл сайын «үлкен төрттікке» кіретін халықаралық аудиторлық компанияларының бірі тексереді», дейді А.Сәрін­жіпов. Қор мемлекеттік ресурс­тарды неғұрлым өзекті мәселе­лерге бағыттай отырып, жоға­ры білімді және креативті кәсіп­қой­лар­ды одан әрі даярлау үшін НУ-ды қаржыландыруды ұлғайтуға дайын екенін білдірді.

Қазір НУ Times Higher Education университеттерінің әлем­­­дік рейтингіне қатысуға да­йын­далуда. THE алдын ала мәлі­мет­теріне сәйкес бүгінде университет әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының 35 пайызы санатына кіреді. Ал басқа үш қазақстандық ЖОО қалған 75 пайызына және одан төмен рейтингке енген.